• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КӘСІПОДАҚПЕН 30 ЖЫЛ…

КӘСІПОДАҚПЕН 30 ЖЫЛ: ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚОРҒАНЫНА АЙНАЛҒАН КӨШБАСШЫ ЖОЛЫ



Ағымдағы жыл – еліміздің тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесімен ерекшеленбек. Мерекелі жылдың құрметіне Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен 2021 жыл – бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы болып таңдалды. Өткенімізбен бүгінімізді қалыптастырған да, тоғыстырған да – еңбек. Бұл орайда, ҚРКФ еңбек адамының әлеуетін әрі қарай көтеріп, кәсіподақ тарихын еске оралтып, еңбеккерлер бейнесіндегі тұлғаларды кеңінен насихаттауда.



Бүгін, «Еңбеккер бейнесі» жариялымында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ төрағасы - Марат Оразалыұлы Даупаев туралы айтқымыз келеді. Студент кезінен кәсіподақ комитетін басқарып, өзінің ісіне деген асқан жауапкершілік пен табандылығының нәтижесінде облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ саласында төраға атанып, кәсіподақ ардагерлігіне аяқ басу – кәсіподақ қозғалысында жиі ұшыраса бермейтін тарихи жағдай.



Марат Даупаев – 1964 жылы 5 қазанда БҚО (ол кезде Орал облысы), Фурманов ауданында қызметшілер жанұясында дүниеге келген. 1982 жылы Фурманов орта мектебін аяқтап, А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының дене шынықтыру және спорт факультетіне оқуға түседі. 1984 – 1986 жж. Москва қаласы және Белоруссияның Гродно қаласында Кеңес Әскери борышын атқарды. 1988 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын аяқтаған соң ҚазССР Білім және ғылым министрлігінің жолдамасымен А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының «Буревестник» спорт клубының төрағасы болып тағайындалды. 1989 – 1993 жж. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының Студенттік Кәсіподақ Комитетінің төрағасы болып сайланып, 1998 – 2014 жылдар аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметін атқарады. 2000 жылы П.Ф.Лесгафт атындағы Санкт – Петербург мемлекеттік дене тәрбиесі университетінде диссертациясын қорғап, педагогика ғылымының кандидаты ғылыми атағын иеленді. Бұл уақыт аралығында көптеген ғылыми-зерттеулер мен мақалалар жазады. Оның ішінде «Жаһандану жағдайындағы Қазақстан кәсіподағы: түйткілдері мен болашағы» атты республикалық ғылыми – практикалық конференцияның материалдар жинағы да кездеседі. 2014 жылдың 13 қыркүйек күні Облыстық ХХVIII-ші конференциясының шешімімен Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы болып сайланып, 2018 жылдың 21 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облыстық XXIX конференциясында төраға қызметіне қайта сайланады. Сондай-ақ, кәсіподақ көшбасшысы, қоғам белсендісі – Марат Оразалыұлы қазақша күрестен ҚР спорт шебері. Қазіргі таңда, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор атағына ие.



2007 жылы Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталса, 2011 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығында «Үздік кәсіподақ көшбасшысы» аталымына ие болды. 2018 жылы «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.



Бүгінгі таңда, 36840 қызметкерден тұратын облыстық білім және ғылым саласы кәсіподағының төрағасы.

Білімі мен күш-жігерін, жастық жалынын білім саласына, кәсіподақ қозғалысының жандануына арнаған көшбасшының еңбек жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі.




БҚО КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ

Жарияланған күні: Мамыр 27, 2021
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты