Атырау облыстық кәсіподақтары сенбілікте
Ауыл-аймақ тазалығы қай уақытта да, қай жағдайда да кәсіподақтардың күн тәртібінен түскен емес.
"Ауылына қарап, азаматын таны" демекші, ауылымызға келген сырт көз алдымен оның тазалығына сыни көзбен қарары белгілі.
Сондықтан, бүгін сауапты іске ұйтқы болып қолына тырна мен күрек ұстаған атыраулық кәсіподақтар белсеңділері Атырау қаласы, Өркен ауылы, Мұқаш бейітін қоқыс пен шөп-шаламнан тазартап, бей-берекет өсіп кеткен бұталарды ретке келтірді.
Игі бастамаға ұйытқы болған кәсіподақтардың бұл әрекеті жергілікті тұрғындарға да ой салып, үлгі болады деген ойдамыз.
-
Фото
-