• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ТҮЛЕГЕН ТҮРКІСТАНДА…

ТҮЛЕГЕН ТҮРКІСТАНДАҒЫ САЯХАТ



Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағының Жуалы аудандық комитеті кәсіподақ мүшелерін құқықтық және әлеуметтік қорғаудан бөлек олардың сауықтырылуын, түрлі мәдени-спорттық іс шараларға қатысуын үнемі назарда ұстайды. Осы орайда, мамыражай мамырдың мереке күндері аудандық комитет Түркістан қаласына 2 күндік саяхат ұйымдастырды.



Ауданның үздік ұстаздары, бастауыш ұйым төрағалары, қызметкерлерден құралған топ барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, жолға шықтық. Саяхатымызда алғашқы ат басын тіреген орнымыз – «Ғайып ерен, қырық шілтен» жері болды. Табиғаты бөлек тау етегінде орналасқан бұл жер Адам ата мен Хауа ананың, төрт түлік жануарлар мен киелі дастарханды бейнелеп тұрған тастарға толы екен. Екіге жарылған тастың арасынан өтіп, қасиетті бұлағынан су ішіп саяхатты жалғастырдық.



Бағыт алған келесі жер - Домалақ ана кесенесі болды. Мұнда Нұрила анамыздың рухына құран бағыштап, Домалақ ана бұлағынан су іштік. Сапарымыздың келесі нүктесі - Ақмешіт үңгірі болды. Тарихы тереңде, өзі де жер астында орналасып, кезінде 10 000 әскерге пана болған Ақмешіт үңгірі өзінің кеңдігімен таңқалдырды. Саяхатымыздың бірінші күнінің ақырғы нүктесі - Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы болған Арыстан баб кесенесі болды. Баба сүйегі жатқан ерекше бөлмеде арнайы тілек тілеп, құдығының қасиетті суынан іштік. «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген сөзді ескере келе құрбандық шалып, құран бағыштадық.

Таң қылаң бере Түркістан шаһарына бет алдық. Түркістан күллі түркі халықтарына ортақ әлемге әйгілі қасиетті мекен ғой. Бұл ең алдымен Ислам дінін таратушылардың бірі, сопылық ілімнің негізін қалаушы ғұлама, дегдар әулие Қожа Ахмет Яссауи бабамыз жерленген жер. Шаһарды аралау да осы кесенеден басталып, жаңадан салынған Керуен сарай орталығында жалғасты.



Мұндағы әсерді бір сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сарай шығыстық стильде салынғанымен, құдды бір Венецияда жүргендей боласың. Ұжым мүшелерін қаланың аз уақыттың ішінде күллі түркінің көз тіккен жауһары атанып, әр пенде барып көруді армандайтын тарихи туристік орталыққа айналғаны таң қалдырды.

Міне, осындай саяхатты ұйымдастырып, кәсіподақ мүшелерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыра білген Кәсіподақтың Жуалы аудандық ұйымы мен төрайымы Гүлнұр Қадырбекқызына кәсіподақ мүшелерінің атынан алғыс білдіреміз!




Кәсіподақтың Жуалы аудандық комитетінің бастауыш ұйым төрағалары.


Жарияланған күні: Мамыр 17, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты