• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • МЕКТЕПТІҢ ҮЗДІК КІТ…

МЕКТЕПТІҢ ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ



Қарағанды облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласы білім бөлімі» ММ және «Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ «Сәтбаев қалалық білім қызметкерлерінің кәсіптік одағының ұйымы» филиалы бірлесе отырып ұйымдастырған «Шығармашыл кітапханашы – 2021» облыстық байқауының қалалық кезеңі 2021 жылдың 30 сәуір күні өткізілді.



Бұл байқаудың қалалық кезеңі 2019-2024 жылдарға арналған «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін іске асыру барысында 2021 жылға арналған «Оқуға құштар мектеп» жобасының іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.



Мектеп кітапханашыларының инновациялық тәжірибесін анықтау және тарату, кәсіби қарым-қатынас аясын кеңейту, мектеп кітапханашыларының кәсіби шеберлігінің өсуін басты мақсат еткен байқауға қатысуға қала мектептерінің барлық кітапханашылары шақырылды.



Байқау жұмыстарына «Ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына - 175 жыл», «Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» атты тақырыптар ұсынылды. Қазақ және орыс тілдерінде қабылданған байқау жұмыстары «Кітапханалық сабақ», «Бейнеролик» номинациялар бойынша қабылданып, ағымдағы айдың 5-і күні жұмыстардың қорытындысы шығарылды.



Қала мектептерінен 12 кітапханашының жұмыстары келіп түсті. Оның ішінде 8 жұмыс таңдалып, талаптарға сай деп танылған үздік 6 жұмыс облысқа жіберілді. Талданып, сараланған жұмыстардың қатысушыларына І,ІІ,ІІ дәрежелі дипломдар табыс етілді.



«Шығармашыл кітапханашы-2021» байқауының қалалық кезеңінде «Кітапханалық сабақ» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен «С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ кітапханашысы Жүкенова Салтанат Рахымбекқызы марапатталды. Аталған номинацияның ІІ дәрежелі дипломын «№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ кітапханашысы Байтенова Роза Шамұратқызы мен ІІІ дәрежелі дипломын «№1 мектеп-гимназия» КММ кітапханашысы Сәрсекеева Ақгүл Тілеуқызы иеленді.



«Бейнеролик» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ кітапханашысы Нұрсейітова Гүлмира Дүкенбайқызы марапатталып, аталған номинация бойынша ІІ дәрежелі дипломды «№19 мектеп-лицейі» КММ кітапханашысы Рахымжанова Венера Төлеутайқызы мен «№14 жалпы білім беретін мектебі» КММ кітапханашысы Рахымжанова Гүлшара Қасеинқызы иеленсе, ІІІ дәрежелі дипломдармен «№3 жалпы білім беретін мектебі» КММ кітапханашысы Байгенжина Гүлбану Сапарбекқызы және «№4 мектеп-лицейі» КММ кітапханашысы Еркінбаева Шұғыла Боранбайқызы марапатталды.



Арнайы марапаттарын табыс еткен «Сәтбаев қалалық білім қызметкерлерінің кәсіптік одағының ұйымы» төрағасы Ильясова Гүлнар Жұмабекқызы мен «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Жолдыбаева Думан Сыпатайқызы оқушы жүрегіне рухани азық себетін теңдесі жоқ ақыл иесі кітап атты асыл дүниенің қорғаушыларына, қолдаушыларына бүгінгі әлемді кітап емес ғаламтор жаулап алып бара жатқан жолдағы күрделенген жұмыстарына көркею мен үздіксіз еңбек ете берулеріне шығармашылық табыс тіледі. Берер тәрбиесі мен қосар ойы орасан теңіз осындай байқаулардың болашақта да жалғасын табары сөзсіз.


Жарияланған күні: Мамыр 11, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты