МЕРЕКЕЛІК ШАРА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛДЫ
Жанаөзен қаласының 21 жалпы білім беретін мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 7 Мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай ұстаздар арасында мерекелік шара өткізілді.
Шара барысында ұстаздар ән мен биден шашу шашып, өз өнерлерін көрсетті. Мектеп педагогтары ауыл әкімінің және "Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы" ҚБ
Жаңаөзен қалалық филиалының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Барлық әріптестерімізді марапаттарымен, мекелерімен шын жүректен құттықтаймыз.
Р.Мұқашева,
Жаңаөзен қалалық филиалының төрайымы.
Маңғыстау облысы.
-
Фото
-