• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЕҢБЕККЕР БЕЙНЕСІНДЕ…

ЕҢБЕККЕР БЕЙНЕСІНДЕ – ҰСТАЗ, ҰОС АРДАГЕРІ



Қалам Жұмашұлы Сүйіншәлиев 1925 жылы 18 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданының Қызылжар ауылдық кеңесінде дүниеге келді. 1943 жылы орта мектепті тәмамдаған бойда Кеңес әскері қатарына шақырылады. Әскерде ол Бакудегі 13-батареяның қашықтық өлшеу командирі болып, 80 мм зеңбіректі үш ай меңгереді. Сарбаздарды бұдан соң Тбилиси қаласының шет жағына орналастырады. Грузия мен Түркия шекарасына әдейі әуе жолын бақылап қорғайтын әскери бөлімдер құрып, жаңа қару-жарақты меңгертіп, құпия стратегиялық жоспарды бастауға даярлады. Олардың алдында Қара теңізге келген қару-жарақ, азық-түлік, стратегиялық маңызы бар жүктерді машинаға тиеп, Тбилиси мен Баку арқылы жолды қамтамасыз ету міндеті тұрды. Сарбаздар «Зенитный» зеңбірегінің алыстығын, қашықтығын бақылады. Сөйтіп, Қалам Жұмашұлы Закавказье майданындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімінің құрамында әскери міндетін өтейді. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін бірнеше жауынгерлік ордендермен, медальдармен марапатталды.

Қалам Жұмашұлы әскерден 1946 жылы оралады. Елге келген соң, А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының тарих факультетіне оқуға түсіп, 1950 жылы ойдағыдай аяқтайды. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін оқу-ағарту, партиялық жұмыстарда жауапты қызметтер атқарды. 1975 жылы тарих және педагогика факультетінің деканы қызметіне тағайындалды. Аталған қызметті 1985 жылға дейін атқарады. Бұл уақыт аралығында ұстаз – Қалам Сүйіншәлиев кәсіподақтар қозғалысына да белсенді үлес қосып, КСРО ұстаздарының құқықтары мен мүдделері жолында ерең еңбек еткен азамат. Сонымен қатар, ҰОС ардагері, кәсіподақ белсендісі – Қалам Жұмашұлы бірнеше оқулықтар мен монографиялық еңбектердің авторы.

Бүгінде ардагеріміз 96 жаста. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы – Мерген Сүлейменов бастаған университет ұжымы мерекелерде құттықтаулар ұйымдастырып, еңбек ардагерінің үйіне жиі барып, көңілін аулап, жағдайын сұрап тұрады.




БҚО КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ

Жарияланған күні: Мамыр 6, 2021
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты