• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • БАСТАУЫШ ҰЙЫМ – ҰЖЫ…

БАСТАУЫШ ҰЙЫМ – ҰЖЫМ ҰЙЫТҚЫСЫ



Тәуелсіздік - бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезеңі. Тәуелсіздік - таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Отыз жылда Қазақстан өз алдына дербес зайырлы ел болды. Осындай тұғырлы тәуелсіздіктің арқасында сәби жанының бақытты бал шағының куәсі «Ақ бота» балабақшасының күнделікті тыныс тіршілігі Қазақстанның болашақ ұлы тұлғаларын тәрбиелеп шығаруға еңбек етуде.

Балабақша ұжымы педагогикалық біліктілікті, шеберлікті, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып көптеген жетістіктерге қол жеткізуде және Қордай ауданының қоғамдық өміріне белсене араласуда. Балабақшаның бастауыш кәсіподақ ұйымының назарынан әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдар тыс қалған емес. Атап айтсақ, біздің ұжым «Мектепке жол» акциясын жүзеге асыру барысында жыл сайын мұқтаж балаларға мектепке қажетті киім және құрал-жабдықтар алып береді.

Кәсіподақ ұйымы жас мамандарды қолдау мақсатында түрлі байқаулар, спорттық жарыстар ұйымдастырып отырады. Туристік іс-сапарларға да жыл сайын жолдама беріледі. Қызметкерлердің сапалы еңбек етуіне, денсаулықтарын түзету үшін шипажайларға демалып келуіне мүмкіндік бар. Балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбектері және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін кәсіподақ мүшелері аудандық, округтік және балабақша әкімшілігінің атынан үнемі марапатталып тұрады.

Біздің ұжымда жағымды әлеуметтік-психологиялық ахуал орнап, әкімшілік пен кәсіподақтың қолдауымен қызығы мен қиындығы көп білім саласында ұйымшылдықпен қызмет етіп келеміз. Алдымызға қойған мақсаттарымыз да жетерлік. Оларды іске асыруға ұжымның әрбір кәсіподақ мүшесі өз үлесін қосады деп сенемін.




А. Евескина,

«Ақбота» балабақшасының әдіскері.

Гвардейск қалашығы, Қордай ауданы.

Жамбыл облысы.

Жарияланған күні: Мамыр 6, 2021
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты