ЕҢБЕК ҮРДІСІНДЕГІ БЕЛСЕНДІЛІК - ЖАС МАМАНДАРДАН БАСТАЛАДЫ
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай, Батыс Қазақстан облысы, Орал қалалық №40 ЖОББМ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен жас мамандар арасында волейболдан спорттық турнир өткізілді.
Спорттық шараның басты мақсаты:
- кәсіподақ жастары арасындағы достық, әріптестік қарым - қатынасты нығайту;
- салауатты өмір салтын насихаттау;
- қызметкерлердің жұмыста жиі шаршау және күйзеліске түсуінің алдын алу.
Аталмыш шараның бас ұйымдастырушысы, №40 ЖОББМ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы - Азамат Садыров өз сөзінде: "Еңбек ұжымындағы мамандардың көңіл - күйі - жұмыс сапасына тікелей әсер етеді. Ал, ұжымдағы жас қызметкерлер - бірлестіктегі белсенділікке себепші. Кәсіподақ жұмысының нәтижелі, тиімді, әрі барлық қатысушы тарап үшін қызықты болуы маңызды деп ойлаймын. Бұл үшін әлі де талай жұмыстар атқарылатын болады",- деп атап өтті.
Шара жеңімпаздары кәсіподақ комитетінің арнайы Алғыс хат, Дипломдарымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
БҚО КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ
-
Фото
-