• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • БАСТАУЫШ ҰЙЫМ - БАС…

БАСТАУЫШ ҰЙЫМ - БАСТЫ ТІРЕК


Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының Жезқазған музыкалық колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, кәсіподақ белсендісі Қанибетов Сарбай Орынбайұлы1964 жылы 22 қаңтарда Қызылорда облысы Арал ауданы Аралқұм станциясында дүниеге келген.

1981 жылы № 61 Аралқұм орта мектебін бітірген. 1986 жылы Жезқазған музыкалық училищесінің "Хорды дирижерлау" бөліміне түсіп 1990 жылы үздік дипломмен бітіріп, 1990 - 1994 жж. Жезқазған облысы Ұлытау ауданының "Балалар музыка мектебінде" мұғалімдік қызметін бастаған. Мұғалімдік қызметін атқарып жүріп, Ұлытау өңірінен құрылған "Тау гүлі" халық хоры құрамында болып, 1992 жылы Москва-Пенза қалаларында өткен халықтар достығының араларындағы конкурстарда "Ең үздік хор" дипломымен марапатталады. 1994 жылдан осы күнге дейін Жезқазған музыкалық колледжінде оқытушы қызметін атқарып келеді.

Талдықорған қаласындағы: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік "Мәдениет және өнер" университетінің "Музыкалық бөлімінің" "Хорды дирижерлау" факультетін бітірген. Әлемде жаппай ғылыми-техникалық ілгерілеу, даму жүріп жатқанда сапалы бәсекеге қабілетті бүгінгі күнгі сауда нарығындағы талаптарға сай мамандар даярлау басты мәселелердің бірі болып отыр. Осыған байланысты колледж ұжымы "Жеке адам-нысынаны оқытуда және тәрбиелеуде нәтижелі технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыру ыңғайын табу" атты біріккен әдістемелік мәселемен жұмыс жасайды. Осы жұмыстың жүруіне Қаныбетов Сарбай Орынбайұлы арнайы пән оқытушысы ретінде белсенді араласып келеді. Әрдайым сабақтарында халықтық музыка элементтерін қолдануды ұмытпайды, оқушылардың теориялық ойлауын дамыту, оқушы бойындағы шығармашылық мүмкіндікті іздеп табу, соған оларды ынталандыруға, ой-өрісін, дүниетанымын, тіл байлығын дамытуға қол жеткізуге болатындығын бақылайды.

Әр сабақты тиімді ұйымдастырып, оны оқушылар зерікпейтіндей етіп өткізу үшін әр сабағын жоспарлағанда топ оқушыларының жас ерекшелігіне сай әрі білім деңгейлерін ескеріп отырады. Сабақты ұйымдастырудың әдістері оқушының өздігінен дайындалуының және жеке басының дамуына жағдай жасайды.

Қаныбетов Сарбай Орынбайұлы 2018 жылдың қазан айынан бастап Жезқазған музыкалық колледжінің кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметін қоса атқарып келеді. Өзі ұйымдастырылған қалалық және колледж ішіндегі іс-шараларға белсенді араласады, сабырлы, ақ ниетті, педагогикалық әдебі бар, оқушылармен қарым-қатынасы жақсы ақ көңіл жан.

Колледжге келген жас мамандардың тәлімгері болып табылады. Жас мамандарға көп көмек көрсете біледі. Көптеген облыстық, қалалық оқу бөлімінен, кәсіподақ комитетінен, Жезқазған музыкалық колледжінің әкімшілігінен, Қарағанды облысы "Нұр Отан" партиясы, Жезқазған қаласы қарттар мен мүгедектер медициналық-әлеуметтік мекемесі, "Үміт" балалар үйі, Қарағанды облысының білім басқармасының грамоталары мен дипломдарымен сонымен қатар, "Қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны, жаңа Қазақстандық қоғам құру ісіндегі жеке еңбегі және шығармашылық үлестері үшін" Жезқазған қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Жарияланған күні: Мамыр 5, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты