ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ БАСТАУЫШ ҰЙЫМНАН БАСТАЛАДЫ
«Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ«Шет аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» филиалының төрағасы К.Бигожин Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің "Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы" КММ-ның кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, "Білім беру ұйымдарындағы бастауыш кәсіподақ ұйымының рөлі" атты семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңес барысында ол бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын одан әрі ілгерілету үшін кәсіподақ мүшелерінің белсенділігі қажет екендігін баяндады. Сонымен қатар, кәсіподақ мүшелерін толғандырған сұрақтарға жауап берді.
Сұрақтардың басым бөлігі педагог қызметкерлерге үстемеақы, еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеу, кәсіподақ тарапынан шипжайларға жеңілдікпен жолдама беру мәселелеріне қатысты болды.
-
Фото
-