• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • БІЛІКТІ БАСШЫ – МЕК…

БІЛІКТІ БАСШЫ – МЕКТЕП МЕРЕЙІ



«Халықтың сенімін ақтаудан артық абырой жоқ, болуы да мүмкін емес» деген Елбасы Н.Назарбаевтың орамды ойын ойдан шығармай, елінің халқына, оның болашағына ұстаздық еңбегін арнаған жандардың бірі – Жүгенбаева Күляш Саламадинқызы. Жоғары білімді, жоғары санатты, шебер ұстаз, кәсіподақ мүшесі.

Еңбек жолын Жаңаөзен қаласы Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 орта мектепте ұстаздық қызметтен бастаған. 1991 жылы Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 орта мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары, 2006-2015 жылдар аралығында Т.Әлиев атындағы №1 орта мектеп директоры болып, 2015 жылдың 9 қазанынан қазіргі уақытқа дейін Жаңаөзен қаласындағы №19 орта мектеп директоры қызметін атқарып келеді.

Куляш Саламадинқызы басшылық еткен уақыттан қазіргі таңға дейін №19 орта мектепті бітіруші түлектердің ұлттық бірыңғай тестілеу көрсеткіші өте жоғары деңгейде.

Мектеп басшысы халықтың шексіз алғысына бөленіп, Маңғыстау облысының, Ақтау қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.

Ел үшін атқарған қызметтері еленіп, «Қазақстан мәслихатына-20 жыл» толуына орай есімі «Халық қалаулылары» жинағына енді. Еңбекшіл ізденімпаз ұстаз, халықтың көңілінен шыға білген Күляш Саламадинқызы «Лучшие люди Казахстана» энциклопедиясының да кейіпкері атанды.

Білім саласына қойылып отырған талаптар үрдісінен шыға білген іскер басшы Куляш Саламадинқызының тынымсыз еңбегі бағаланып, 2014 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының «Құрмет грамотасымен», 2015 жылы Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» және білім және ғылым саласына қосқан айрықша еңбегі үшін түрлі «Алғыс хаттарға» ие болды. Санамалай берсе жеткен жетістік, алған асу жетерлік.

Қоғамдық ұйымның жұмысының пәрменді болуы оны басқарып отырған көшбасшысына байланысты.

Саналы ғұмырын ұлт мұраты жолында қызмет етуге арнаған Күляш Саламадинқызы қоғамда болып жатқан өзгерістерден шет қалмай, ұстаздар қауымы мен жастардың әлеуметтік-экономикалық құқығын қорғауда еліміздегі заң аясына сәйкес әлеуметтік әріптестіктің үлгісін көрсетіп, өз күш жігерін ұстаз игілігіне жұмсап жүрген басшы да. Ұжым түгелдей кәсіподақ мүшелері, белсенділікпен жұмыс жасалуда.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік, экономикалық мәселелеріне де көңіл болып, олардың оң шешімін табуына ықпал етуде. Қайырымдылық шаралары да үзбей жалғасып келеді.

Қазіргі заманғы білім беру жүйелерінде жүріп жатқан өзгерістерге байланысты мектеп мұғалімдерімен қатар өзінің де кәсіби білімін шыңдап, Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курсын аяқтап, мектепке тың серпіліс әкеле білген білікті көшбасшы. Мектеп мұғалімдерін жаңаша ойлауға жетелеп, жаңарған білім мазмұны бойынша түрлі шеберлік сағаттарын өткізіп, ұжымды ынталандыра біледі.

Жүгенбаева Күляш Саламадинқызы жас ұрпақты тәрбиелеуші ұстаз, мектеп басшысы ғана емес, еңбегімен де елге сыйлы жан.




Салалық білім және ғылым қызметкерлері

кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымының

Жаңаөзен қалалық филиалы

Жарияланған күні: Сәуір 23, 2021
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты