• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • БІЗ КӘСІПОДАҚПЕН БІ…

БІЗ КӘСІПОДАҚПЕН БІРГЕМІЗ!







Елбасы Н.Назарбаев: «Жұмысшылар өздерін лайықты сезінулері үшін кәсіподақтар қозғалысы өз биігінде болуы тиіс» деген болатын. Яғни еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау, талап ету ұйым үшін маңызды да жауапты міндет. Осы орайда мектеп басшылығы мен кәсіподақ ұйымы да жоспар аясында жұмыс жасай отырып, айтарлықтай еңбектерге қол жеткізіп келеді.

Ш. Құдайбердіұлы: «Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос – өмірінде өкіндірмес қасиеттер осылар» - деп айтпақшы кәсіподақ ұйымындағы әрбір адам осы қасиеттерді бойларына жинақтаған десек те болады.

Мұнайлы ауданы №11 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Базарбаева Маржан Кашимбаевна – барлық игі бастамалардың күре тамыры десем қателеспеймін.

Біздің мектептегі бастауыш кәсіподақ ұйымы – барлық ұйым мүшесінің сенімді әлеуметтік серігі, мүдделі тұлғалардың тепе-теңдігін қамтамасыз ететін тірегі. Білім және ғылым саласы қызметкерлерінің кәсіподақ бірлестіктерінде мектеп мекемелерінде құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының орны ерекше. Себебі, оқушылармен жұмыс жасайтын мамандардың жұмыс ептілігі мен белсенділігі қоғамымыздағы әлеуметтік қатынастарда, еңбек заңнамаларының функционалдық міндеттерінде ерекше рөлге ие.

Кәсіподақ ұйымы мүшелері ҚР еңбек заңнамаларын өз дәрежесінде жүзеге асуын, еңбек келісім-шартындағы тараптардың мүдделерінің қорғалуын қадағалай отырып, педагогтар жалақысын тарифтендіру ісін, кәсіподақ ұйымындағы азаматтардың еңбек қатынастарын, әлеуметтік жағдайын, жұмыспен қамтылуын шынайы қадағалайды.

Кәсіподақ ұйымы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Әрбір мүшелік кәсіподақ ұйымындағы бастауыш кәсіподақ ұйымының басшылары, сол ұйымның мықты қолдаушы күші екені анық.

Базарбаева Маржан Кашимбаевна 2016 жылдан бері мектебіміздің кәсіподақ ұйымы төрайымы қызметінде. Кәсіподақ төрайымы болып тағайындалған күннен Маржан Кашимбаевна өз міндеттерін жоғары дәрежеде атқарып келеді. Ұжымды өз отбасындай көріп, ұжымдастарының игілігіне қаражатты тиімді жұмсай біледі.

Мектеп басшысының және кәсіподақ төрайымының арқасында іс-шараларда оң нәтиже беріп, міндеттер мен негізгі мақсаттарға жетіп келеміз.



Мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмысы ұжым мүшелерінің мерейтойлары, зейнеткер педагогтардың іс-тәжірибесі, шығармашыл тұлғалардың белсенділігі, спорттық шаралар, жаңа жылдық сыйлықтар, үздік бірлестік жетекшілерінің ұйымдастыру ісі, сонымен бірге атаулы мемлекеттік мерекелер аталып өтіліп, сыйлықтарымен марапатталып отырады.

Сауықтыруға барып келген қызметкерлерге демеушілік жасалады. Елімізде орын алған коронавирус індетіне байланысты төтенше жағдай кезінде де қайырымдылық көмек көрсете білді. Мектепті үздік аяқтаған оқушыларды дайындаған мұғалімдерді де сыйлықтармен марапаттады.

Мұғалімнің кәсіби дамуын алға қойған кәсіподақ ұйымы мұғалімдер арасындағы көптеген сайыстарға демеушілік жасап, бүгінгі күні ұстаздарымыз тәжірибесін мектеп игілігі үшін пайдаланып отыр. Сонымен қатар, пандемия жағдайына байланысты қызметкерлер үшін мектебіміздің әр қабатына 3 данадан кулер орнатты.

Сала қызметкерлері үшін ауырғандарға, ота жасатқанқандарға, жақындары қайтыс болғандарға қол ұшын беру ең басты міндет. Ұйымның қаржылық қызметі әр жыл сайын бастауыш кәсіподақ ұйымы отырысында ашық көрініс тауып, есеп беріледі.

Ұйым мүшелерінің ұсыныстары ескеріліп, жылдық жоспарға енгізіледі. Қәсіподақ біздің қамқоршымыз, қорғанымыз, сенімді серігіміз.

Қоғам үшін атқарып жатқан іс-шаралардың барлығы оң нәтиже беріп, кәсіподақ беделі арта берсін дегім келеді.




У.Сарсенбаева,

Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім

беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Маңғыстау облысы.























Жарияланған күні: Сәуір 21, 2021
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты