• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • «ЕҢ ҮЗДІК БАСТАУЫШ …

«ЕҢ ҮЗДІК БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ



Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы аясында «Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы - 2021» облыстық салалық байқауын ұйымдастырып, өткізді. Байқау-сайысқа аймақтық кезеңде «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан 13 бастауыш ұйым қатысты.

Еңбек ұжымдарында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының беделін арттыру мен озық жұмыс тәжірибелерін тарату мақсатында өткен байқау барлығы 5 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде өтінім берген бастауыш ұйымдардың еңбек ұжымында өткізген іс-шаралары, қоғамдық жұмыста қолданған жаңа әдістері, мақалалары мен жетістіктері, өзге де материалдары қамтылған портфолиосы зерделенсе, екінші кезеңде байқауға қатысушы комитеттің бір мүшесі ҚР Еңбек кодексі, «Педагог мәртебесі туралы» ҚР заңы, «Кәсіптік одақтар туралы» ҚР заңы, облыстық ұйымның жарғысын қамтыған тест сұрақтарына жауап берді. Бұл кезеңдегі қатысушылардың нәтижелері байқауды ұйымдастыру комитетімен дербес бағаланды. Ал «Біздің күшіміз – бірлікте!», «Үздік бейнеролик» және құқықтық жағдаяттарды шешу кезеңдері М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ-нің М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайының сахнасында өтті.

Жергілікті кәсіподақтың құрамындағы 797 ұйымның арасынан суырылып шыққан бастауыш ұйымдардың ұжымдық еңбектері мен шығармашылық жетістіктеріне, құқықтық білімдеріне сараптау жасап, төрелік еткен қазылар алқасының құрамында кәсіподақ ардагері Гүлсін Орынбаева, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Набира Сүйманова, облыстық арнайы кітапхана директоры Жанна Алшынбаева, ҚР мәдениет қайраткері, профессор Айгүль Қабиева мен «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» төсбелгісінің иегері, ардагер ұстаз Мираш Бегілдаева болды.

Байқау-сайыстың ашылу салтанатында қазылар алқасының Алқа төрағасы, Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков пен «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік марапатының иесі Мираш Бегілдаева құттықтау сөз айтып, қатысушыларға жеңіс пен жігер тіледі. Осы сәтте Кәсіподақ ұйымы атынан Ерұлан Сәбенұлы облысымыздың озат ұстазы Мираш Саданқызына құрмет көрсетіп, шипажайға жолдама сыйлады.

Байқаудың «Біздің күшіміз – бірлікте!» атты үшінші кезеңінде кәсіподақтың күре тамыры саналатын бастауыш ұйымдарға өз портретін презентация арқылы көрсетуге 10 минут уақыт берілді. Командалар ұйымдағы оң тәжірибелерге, мүшелікке ынталандырудағы, әлеуметтік әріптестікті жүргізудегі, жастар кеңесінің жұмысындағы оңтайлы тұстарға қазылар алқасының назарын аудара отырып, өз қызметтерінің ұтымды әдіс-тәсілдерін көрсете білді. Ұйым өкілдерінің көпшілік алдында сөйлеу қабілеті, тапқырлығы, таныстыру тәсілі мен мазмұны да бағалаушылар назарынан тыс қалмады.

Байқаудың төртінші - «Кәсіподақ туралы ең үздік ролик» кезеңінде бастауыш ұйымдардың күнделікті жұмысын көре отырып қазылар алқасы еңбек адамының мүддесі мен құқығын қорғауда кәсіподақтар мықты күшке айналғанының куәсі болды. Қатысушылар 5 минуттық бейнероликке әлеуметтік қатынастарды қалыптастыру, жұмысшылардың құқықтық сауаттылығы мен белсенділігін арттыру, еңбек дауларын реттеу, еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғау бойынша күнделікті жұмыстарын арқау еткен.

Байқаудың бесінші кезеңі құқықтық жағдаяттарды шешуге арналды. Бұл кезеңде бастауыш кәсіподақ комитеттері өз қызметін жүзеге асыруға қажетті Қазақстан Республикасының еңбек және салалық заңнамаларын, Кәсіподақтың жарғылық құжаттарын меңгеру, сондай-ақ осы тәжірибені ұжымдағы теке-тірес және дау-дамайлы жағдайларды шешуде пайдалана білу мүмкіндіктері анықталады.

Байқауды қорыта келе қазылар алқасы кәсіподақ ұйымының қызметі; кәсіподақтың өз мүшелерінің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмысы; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; әлеуметтік әріптестік, ұжымдық шарттық жұмыс; кәсіподақ ұйымындағы ақпараттық-насихаттау жұмысы бағыттары бойынша үздік шыққан 10 бастауыш ұйымды «Сәтті презентация», «Үздік бейнеролик», «Жеті жарғы», «Зерде», «Зияткер», «Парасат», «Дарабоз», «Шабыт», «Үркер» және «Тұғыр» номинациялары бойынша марапаттады. Ал жүлделі ІІІ орынды Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Жайылма ауылдық балалар өнер мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы жеңіп алса, ІІ орынға Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №1 мектеп-лицейінің бастауыш кәсіподақ ұйымы лайық деп танылды. Қазылар алқасының бірауызды шешімімен Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы байқаудың І орын жеңімпазы атанды.

Барлық қатысушы бастауыш ұйымдарға диплом мен бағалы сыйлықтар берілді.




П.Бақыт,

Жамбыл облысы.


Жарияланған күні: Сәуір 20, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты