КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫ ТАТУЛЫҚҚА ШАҚЫРДЫ
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағынының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігіне Ж.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық интернаттық мекемесі бар лицейдің бір топ кәсіподақ мүшелері өз еңбек құқықтарын қорғауды өтініп, арыз түсірген болатын. Аталмыш мәселені талқылау бастауыш кәсіподақ ұйымы жанындағы Келісу комиссиясына жолданған болатын.
Жуырда білім беру мекемесіндегі Келісу комиссиясының мәжілісі өтіп, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы М.Ж. Бекмағамбетованың ұсынысы қолдау тапты. Атап айтқанда, кітапхана меңгерушісі Б.Б. Измагамбетова мен көлік жүргізуші К.Халидуллинің талап арыздары осы комиссия шешімімен орындалатын болды.
«Қазақстандық салалық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіптік одағынының
Атырау облыстық ұйымы» ҚБ баспасөз қызметі