• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТ…

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫ КӘСІПОДАҚПЕН БІРГЕ



Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.

Осыдан 30 жыл бұрын еліміз егемендік алып, өз алдына шаңырақ көтерді. Ал, осы күні дүние есігін ашқан сәбилер – қазір жалынды жастар, орда бұзар жасқа жетті. Олар Тәуелсіз Қазақстанның құрдастары. Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы №6 орта мектебінде 1991 жылы дүниеге келген жастар жетерлік. Олар: география пәнінің мұғалімдері Арай Қаниева, Нұргүл Төлешова, Ақмарал Қожахметова, ағылшын тілінің мамандары Әсел Иманбетова мен Арай Маденова, математика пәнінің мұғалімі Әйгерім Нұрманова және есепші Мөлдір Досмырзаева. Елмен бірге есейген жастар оқуларын бітіріп, бүгінде білікті маман иесі атанды. Тәуелсіздік мерекесін құрдасым деп білетін біз өмірдің мұндай сәйкестігін жақсылыққа балап, үнемі мақтан етіп жүреміз.

Адам баласының дүниеге келуі тылсым құбылыс. Сондықтан мен дәл 1991 жылы дүниеге келгенімді тағдырдың ерекше сыйы деп түсінемін. Тәуелсіздіктің құрдасы болу ерекше жауапкершілікті жүктейді. Еліміздің шежірелі өткені мен бүгіні, ертеңі, әрине, бізді ойлантады. Осы тұрғыда тәуелсіздік алған еліміздің тарихын тереңінен зерттей отырып, алдағы уақытта ел тынысын кеңейтуге өз үлесімді қосқым келеді. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, қазіргі таңда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданындағы №6 жалпы орта білім беретін мектебінде мұғаліммін. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару- менің міндетім деп есептеймін.

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданындағы №6 орта мектебінде облысқа, республика көлеміне әйгілейтіндей жағымды жаңалықтарымыз жеткілікті. Оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде де ізденістер аз емес. Мектебіміздің бастауыш кәсіподақ ұйымы осы мақсатта жасаған жұмыстарын айтпай кетуге болмайды. Ұйымның мүшесі, әсіресе, тәрбие жұмыстарына белсене араласып ұжымның мүддесін қорғап, талап-тілегін қанағаттандыруда тың ізденістерге түсуге бейімделген. Мектебіміздің бастауыш кәсіподақ ұйымы мектепте түрлі спорттық жарыстар мен өнер сайыстарын ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыру сияқты іс-шараларға ұйытқы болып отыр.

Мектебіміздің көптеген ұстаздары облыстық, аудандық кәсіподақ ұйымының марапаттарына ие болды.

Елбасы жастарға үнемі сенім артып отырады. Сондықтан біз төл тарихын жетік білетін, бағалайтын және мақтан ететін өскелең ұрпақты ұлттық өркениетті рухта тәрбиелеуге белсене ат салысуға міндеттіміз.

Тәуелсіздігіміздің ғұмыры ұзақ, тұғыры берік болсын. Халқымыз аман, еліміз тыныш болсын. Тәуелсіздік жылдары алған еліміздің бедел – биігі асқақтай берсін. Біз, тәуелсіздіктің құрдастары осы бағыттағы қайнаған өмірдің қақ ортасында жүруге әзірміз.




Нұрманова Ә.М.,

Шалқар қаласындағы №6 мектебінің

математика пәні мұғалімі,Ақтөбе облысы


Жарияланған күні: Сәуір 15, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты