• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЕҢБЕК АДАМЫНА – ЛАЙ…

ЕҢБЕК АДАМЫНА – ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР



Кәсіподақ – еңбек адамдарының мұң - мұқтажын, мүдделерін, еңбек құқығының бұзылмауын қадағалап, оған әлеуметтік- экономикалық қолдау көрсететін басты ұйым. Елімізде болып жатқан түрлі жетістіктер мен жақсылықтарда кәсіподақ ұйымдарының қосып жатқан үлесі мол.

«Еңбек адамына – лайықты өмір»,- деген қағида бұл қарапайым еңбек адамына арналған ұран емес, әрбір азаматтың өмір сүру «аксиомасы» болуы тиіс.

Мен жалпы еңбек жолымды бастағалы еңбек еткен ұжымдарымдағы кәсіподақ ұйымының белсенді мүшесімін. 1998 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне қызметке келген кезден осы күнге дейін кәсіподақ ұйымының құрметті мүшесімін.

Университетте кәсіподақ ұйымы профессор – оқытушылар құрамының еңбек қатынастарында, жұмыспен қамтылуға, жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға, жұмыс уақыты мен демалыстың ұзақтығы мен режиміне, жалақының мөлшеріне, материалдық – моральдық көмек көрсету тағы да басқа туындаған мәселелерін шешуде елеулі роль атқарады.

Оқу ордасындағы кәсіподақ жұмысының құқықтық жағдайы Конституциямен,Еңбек туралы заңдар кодексімен, халықтың жұмыспен қамтылуы туралы, халықтың зейнетақымен қамсыздандырылуы туралы заңдармен, басқа да заңдармен айқындалады. Кәсіподақ өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасы және халықаралық актілер мен келісімдерде бекітілген өзге де заң нормалары шеңберінде, өздері қабылдаған жарғыларға сәйкес, мемлекеттік органдар мен саяси, қоғамдық ұйымдардан тәуелсіз жағдайда жүзеге асырады. Олармен өзара қарым-қатынастарын әріптестік пен құрметтеушілік, сұхбаттастық пен ынтымақтастық негізінде құрайды.

Университеттегі кәсіподақ ұйымының бір жылдық және стратегиялық жоспары бар және ұйым мүшелеріне таныстырылып, талқыланып және ол жұмыстардың жүзеге асуына барынша жұмыс жасалынады. Оқытушылардың денсаулығын жақсарту мақсатында Манкент,Көктем, Мойылды және Баянтау санаторий – шипажайларына маусымдық кезеңмен баруына мол мүмкіндік жасалған. Универсиет оқытушылары мен қызметкерлеріне әр түрлі мерекелік шараларды ұйымдастырып өткізуде де осы кәсіподақ ұйымы қызметкерелерінің еңбектері ерекше зор.

Университеттің құрметті ұстаздары мен оқытушыларына,еңбек ардагерлерін де әр кез ұмытпай, қамқорлық жасап, волонтерлік қызметті де үлкен ыждағаттылықпен жасағанына куә болып жүрміз. Сол үшін де университетіміздің кәсіподақ ұйымының төрағасы Ж.Ж.Уахитовқа, ұйымның белсенді қызметкерлері Г.С.Баяхметова, А.Е.Жакишева,Г.Т.Шамшудинова, М.С.Каюмова т.б адал, білікті де игілікті істеріне алғысымыз зор!

Кәсіподақ ұйымның құқықтарын шектейтін немесе олардың заңда көзделген құқықтарын жүзеге асыруына кедергі жасайтын қандай да болсын араласушылыққа тыйым салынған. Кәсіподақ өз мүшелерінің мемлекет және шаруашылық құрылымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, кәсіпкерлермен қарым-қатынасындағы құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қажет болған жағдайда бұларды қорғауға жәрдемдеседі. Біздің ендігі басты мақсатымыз – өзіміз зор сенім артқан кәсіподақ жұмысын бүгінгі уақыт пен заман талабына сай ұйымдастырып, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарапайым еңбек адамдары тағдырына қатысты түйіндерін дұрыс шешуге ат салысу . Осы игілікті істе сәттілік тілеймін! Әр уақытта ісіміз оң болсын!




А.Ф.Зинуллина,

ф.ғ.к., профессор, Торайғыров университеті КЕАҚ «Үштұғырлы тіл»

кафедрасының меңгерушісі

Павлодар облысы.

Жарияланған күні: Сәуір 14, 2021
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты