• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • БАЙУЛОВА ГҮЛНАЗИЯ С…

БАЙУЛОВА ГҮЛНАЗИЯ САБЫРҚЫЗЫН «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ» ҚҰРМЕТТІ АТАҒЫН АЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес еліміздің 20-дан астам мұғалімдері білім беру саласына сіңірген айрықша еңбегі үшін мемлекеттік наградамен марапатталды.


ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтан қаласының № 9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің мұғалімі Гүлназия Байуловаға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын табыс етіп, атқарған қызметіне алғыс білдірді.


Гүлназия Байулова география пәнінің мұғалімі, санаты — «педагог-шебер». Білім саласында 40 жылдан аса уақыт қызмет атқаруда.


Бүгінгі күнге дейін «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет» грамотасы, «Географиядан республикалық атаулы мектептің 25 жыл мерейтойлық» медалі, «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің «Ыбырай Алтынсарин» медалі, «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығының «Құрмет» грамотасымен және басқа да ұйымдардың алғыс хаттарымен марапатталған.


Гүлназия Сабырқызы 7-11 сыныптарға арналған «Географиядан олимпиадалық танымдық тапсырмалар» оқу-әдістемелік құралының авторы. Аталған оқу-әдістемелік құралы қазіргі уақытта республика бойынша таратуға ұсынылған.


«Зерде» мектебінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ең үздік жаңашыл мектеп», республика бойынша «Үздік – 100 мектеп» және мамандандырылған «Үздік – 10 мектеп» қатарынан көрінуіне және оқушылардың халықаралық, республикалық деңгейдегі жетістіктеріне мол тәжірибесімен, біліктілігімен өзіндік үлесін қосып келе жатқан іскер педагог.


Шәкірттерінің сапалы білім алуын басты назарда ұстап, мектеп түлектерінің еліміздің, алыс және жақын шетелдің жоғары оқу орындарында және Назарбаев Университетіне түсіп, түлектердің жоғары көрсеткішке жетуіне өз үлесін қосқан.


Ол дарынды оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуде өзіндік сара жолы бар, күш-жігері мен ізденісі мол, кәсіби шеберлігі шыңдалған, беделді де білікті маман екенін атап өткен жөн.


Гүлназия Сабырқызын Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының атынан наградасымен құттықтай отырып, қызметіне толағай табыстар тілейміз!

Жарияланған күні: Наурыз 31, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты