• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – САУА…

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – САУАПТЫ ІС



Үстіміздегі жылдың 7 қаңтар күні Жамбыл облысы Т.Рыскұлов ауданы, Каменка ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің кіші қызметкері Гүлназ Саркулованың үйі өртеніп кеткені туралы жайсыз хабар жылдам тарады. Тілсіз жаудың кесірінен үйдің көп бөлігі жарамсыз болып, жолдасынан айырылған жалғызбасты ана мектеп жасындағы 3 баласымен қыстың көзі қырауда далада қалған болатын.

Осыған байланысты Кәсіподақтың Т.Рысқұлов аудандық комитетінің төрайымы Айнұр Баймұратованың бастамасымен аудандық кәсіподақ ұйымының жедел отырысы ұйымдастырылып, аудан деңгейінде Г.Саркуловаға көмек көрсету туралы ұсыныс айтылды. Барлық бастауыш ұйымдардың бірауыздан қолдауының нәтижесінде «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылып, оның барысы кәсіподақтың әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланып тұрды. Сауапты іске ауыл азаматтары да белсене араласып, өртенген үйді қалыпқа келтіру жұмыстары қарқын ала түсті.

Акция аясында 1 663 900 қаржы жиналып, Г.Саркулованың үйі заманауи үлгіде қалыпқа келтірілді. Жөндеу жұмыстарына сол ауылдың азаматтары тартылып, барлық бөлме қабырғалары қайта сыланды. Төрт бөлменің төбесі жылыту материалдарымен қайта жабылып, заманауи тартпалы төбе, жылу жүйесі жасалынды. Көпшіліктің, ағайын-туыстың көмегімен есік-терезелер ауыстырылды. Бүгінгі күні үй заманауи үлгіге сәйкес тамаша безендірілді.

- Қиын сәтте қол ұшын созатын жүректері мейірімге толы ізгі жандардың әрқашан табыла кететіні көңіл қуантады. Аудандық кәсіподақ ұйымына қарасты барлық бастауыш ұйымдарға акцияға қатысып, қолдау жасағандары үшін алғыс айтқым келеді. Бірлігі мен білегі берік кәсіподақ ұйымының игілікті істері жалғасын таба берсін, - дейді кәсіподақ төрайымы Айнұр Манатбекқызы.

Бұл күнде аз ғана уақыттың ішінде көпшіліктің көмегімен күрделі жөндеуден өткен әдемі үйге Г.Саркулова балаларымен кіріп те үлгерді. Қуанышты бөлісуге келген Айнұр Баймұратова бастаған қонақтарға Гүлназ Саркулова көзіне жас алып, жүрекжарды алғысын білдірді.




Р.Ізбасарова,«Ақбота» бөбекжай-бақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы,

Т.Рысқұлов ауданы,Жамбыл облысы


Жарияланған күні: Наурыз 29, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты