• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫ…

САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ



Бүгін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымы жанындағы Пленумның кеңейтілген кеңесі өтті. Жиында облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Тәрбия Байымбетова 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Тәрбия Анайбекқызының мәліметінше, бүгінде облыстық кәсіподақтың мүшелігінде 5 аудандық, 2 қалалық және облыстық 34 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. Облыстағы білім саласы қызметкерлерінің құқығын қорғайтын ұйымға 15 мыңға жуық педагог мүше. Кәсіподақ қызметінің басты бағыты – кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбектік құқықтарын қорғау. Бұл жұмыстар облыстық білім басқармасы, аудандық білім бөлімдері, оқу орындарының басшылары сынды әлеуметтік әріптестермен бірге атқарылуда.

Осы жылы Маңғыстау облыстық білім саласының 1401 қызметкерінен кәсіподаққа түрлі өтініш түскен. Оның ішінде 226 мұғалімге заңгерлер тиісті құқықтық кеңес берді. Төтенше жағдай жарияланып, білім саласы жаңаша форматқа көшкен тұста мамандар тәулік бойы мұғалімдер тарапынан түскен сауалдарға жауап берді.

Пандемия кезеңінде үздік ұстаздарды ынталандыру мақсатында «Кәсіподақ қолдаушы күш» айдарымен бірнеше мәрте шара ұйымдастырылды. Көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға қаржылай қолдау көрсетілді. Мемлекеттік және кәсіби мерекелер, білім беру ұйымдарының мерейтойлары қарсаңында сала майталмандары ескерусіз қалған жоқ.

Коронавирус және пневмония дертінен қайтыс болған кәсіподақ мүшелерінің жақындарына материалдық көмек көрсетілді,

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен сала қызметкерлеріне де қайырымдылық көмек көрсетілді.

Кәсіподақ төрайымының баяндамасынан соң кәсіподақ қозғалысын дамытуға үлес қосқан Мұнайлы, Түпқараған аудандары кәсіподақ ұйымы филиалдарының көшбасшыларына төсбелгілер табысталды. Сондай-ақ, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі, Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі, Маңғыстау политехникалық колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары Салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасы және қаржылай сыйақысымен марапатталды.

Шараға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Еркінбек Тасмұханұлы, Маңғыстау, Қарақия аудандарының білім бөлімінің басшылары мен Маңғыстау политехникалық және Қарақия кәсіптік колледждерінің басшылары қатысты. Олар әріптестік аясында облыстық кәсіподақпен бірлесіп атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып өтті.

Облыстық білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік әріптестер, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, белсенді кәсіподақ ұйымының жастары ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіре отырып, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік - экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы қызметтеріне сәттілік, шығармашылық табыстар тілеп тарқасты!




“Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы”ҚБ


Жарияланған күні: Наурыз 26, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты