• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚА…

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ


Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі қарсаңында өңір ұстаздарын марапаттады. «Кəсіподақ: тұрақты қолдау, тұрақты құрмет» атты дәстүрлі шара аясында білім саласында қажырлы еңбегімен еленген 50 ұстазға білім кәсіподағы және облыстық білім басқармасының бірлескен алғыс хаты табысталып, шипажайға жолдама берілді.

Педагогтар көктемгі каникул кезінде еліміздің емдеу-сауықтыру орталығында тынығып, денсаулықтарын нығайтып қайтпақ.

Шектеу шараларына байланысты салтанатты шара ZOOM платформасында онлайн форматта ұйымдастырылды.Қатысушыларды Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Ақтөбе облыстық ұйымының төрайымы Р.Серікова құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

«Cалалық кәсіподақтарға жүктелген жауапкершілік жүгі ауыр. Ұжымдардағы еңбек дауларын оңтайлы шешу, мұғалімнің мерейін өсіріп, мәртебесін асыру - бүгінгі күннің басты талабы. Жалпы педагогика саласында еңбек етіп жатқан әрбір қызметкердің мүддесінің, құқығы мен талаптарының тапталмауын қадағалау, ең ақыры ұстаздардың демалып, денсаулықтарын нығайтуына, ынталанып жұмыс істеуіне жағдай жасау - бізге артылған зор міндет.

Елімізді өркендетуге, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шараларды жүзеге асырудағы қажырлы қызметтеріңіз әрдайым табысты болып, ойға алған барлық арман, жоспарларыңыз орындалсын. Ақ мол болсын, жылымыз ырысты болғай»,- деді ол.

Сондай-ақ, Раушан Серікқызы Республикалық "30 Еңбек елшісі" жобасының жеңімпазы, №1 Мәртөк жалпы білім беретін орта мектебі директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Б.Мұстафинді жетістігімен құттықтап, жұмысына табыс тіледі.

Шараға, сонымен қатар, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Г.Сүлейменова, облыстық «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Н.Әбішева қатысты.

Марапаттау рәсімінен соң барлық қатысушыларға кәсіподақ заңгерлері құқықтық кеңес беріп, сауалдарына жауап берді.

Жарияланған күні: Наурыз 19, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты