• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТКЕР…

КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ



Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне орай дөңгелек үстел отырысы өтті. Мерекелік жиынға Жергілікті кәсіподақ ұйымындағы барлық қызметкерлер шақырылды.

Салтанатты жиынды ашқан Кәсіподақ төрағасы Е.Мағзымбеков барша әріптестерін мерекемен құттықтап, кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

- Әз-Наурыз – халқымыздың тірлігі мен бірлігінің, ырысы мен берекесінің көрінісі. Тамыры тереңнен тартқан осынау мереке халқымызды ел игілігі жолында аянбай еңбектенуге шақырып, шаңырағымызды ырысқа, дастарханымызды дәмге толтырып, ғұмырымызды баянды етері сөзсіз. Баршаңызға игілік пен табыс тілеймін. Ұлыс оң болып, әр күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын!, - деді Ерұлан Сәбенұлы.

Іс-шарада ең алдымен биылғы сайлау науқанына белсенді араласып, әр деңгейдегі мәслихаттарға депутат болып сайланған кәсіподақ қызметкерлеріне ҚР кәсіподақтар федерациясының төрағасы С.Дәулеталиннің Алғыс хаты табысталды. Марапатқа ие болғандардың қатарында Қордай аудандық мәслихатының депутаты Қарлығаш Қыпшақбаева, Тараз қалалық мәслихатының депутаты И.Костина, Байзақ аудандық мәслихатының депутаты Е.Ермеков және Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаты А.Баймұратова бар. Сонымен бірге, Федерация төрағасының Алғыс хатымен облыстық ұйымның құқықтық жұмыстар және кадр мәселелері жөніндегі бас маманы Ә.Джолшибекова да марапатталды.

Мерекелік жиында Кәсіподақтың Жамбыл аудандық комитетінің төрағасы, Жамбыл ауданының құрметті азаматы Е.Тәжібаевқа мерейлі жасқа толуына байланысты құрмет көрсетілсе, ҚРКФ-ның «30 Еңбек Елшісі» жобасында жеңімпаз атанған Байзақ аудандық комитетінің төрағасы Е.Ермековтың жеңісі атап өтілді.

Салтанатты шара барысында жас жеткіншектердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №38 орта мектебінің мұғалімі, баскетболдан аға жаттықтырушы И.Аниязов ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Мерекелік жиында Е.Мағзымбеков жергілікті кәсіподақтың жарғысындағы идеяларды жүзеге асырудағы үлесі, қоғамдық белсенді қызметі, азаматтық ұстанымы мен қажырлы еңбегі үшін барлық кәсіподақ қызметкерлеріне алғыс білдіріп, бағалы сыйлықтармен марапаттады.




Б.Бекназаров,

Жамбыл облысы


Жарияланған күні: Наурыз 19, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты