• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ …

АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ



Кеше Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағының Атқару комитетінің отырысы өтті. Алқалы жиынға Кәсіподақ Филиалдары мен тікелей бағыныстағы құрылымдық бөлімше жетекшілері, құқықтық еңбек инспекциясының заңгерлері қатысты.

Жергілікті кәсіподақ төрағасы Е.Мағзымбеков ең алдымен республикалық салалық Кеңестің, Атқару комитетінің материалдарына шолу жасап, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру міндеттерімен таныстырды. Бұдан соң алғашқы сұрақ – жергілікті кәсіподақтың құқықтық еңбек инспекциясының 2020 жылы сала қызметкерлерін құқықтық қорғау жұмысының қорытындыларына арналды. Құқықтық еңбек инспекциясының басшысы Б.Баймағамбетов баяндамасында әр инспектордың жұмыс нәтижесіне, сала қызметкерлерінің еңбек қатынастарында орын алған түйткілдерге, оларды шешу қорытындыларына тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстар мен түйінін тарқатуды қажет ететін өзекті проблемалар туралы ауқымды ақпарат берді.

Құқықтық инспекцияның 13 заңгері былтыр 165 білім мекемесі мен ұйымдарында ҚР еңбек заңдылығының сақталуы жағдайын тексеріп, 477 заңбұзушылық анықтаған. Барлық анықталған заңбұзушылықтар бойынша оларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар берілген. Б.Баймағамбетовтың мәліметіне сәйкес пандемияға байланысты жарияланған шектеулер нәтижесінде тексерулер саны 2019 жылға қарағанда төмендеп, тиісінше тексерулермен байланысты өзге де көрсеткіштер төмен нәтиже берген.

- 2020 жылы құқықтық инспекцияға жазбаша 689 өтініш түсті, жеке қабылдау, телефон, интернет және БАҚ арқылы 8655 ауызша кеңестер, түсіндірулер берілді. Көрсетілген құқықтық қызметтің жалпы саны - 9018. Заңгерлер тарапынан сотқа 10 материал әзірленіп, кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау мақсатында сотқа 3 талап-арыз, әртүрлі деңгейдегі соттарда 7 тегін өкілеттік жасалды. Тиісті шара қолдану, ықпал ету, алдын алу үшін 45 материал әртүрлі мемлекеттік және құзырлы органдарға жолданды. Құқықтық қызметтің белсенді әрекеті нәтижесінде 16 кәсіподақ мүшесіне қатысты жұмыстан босатудың алдын алу мен болдырмау, жұмысқа қайта орналастыруға қол жетті, - деді Берік Әбенұлы.

Сонымен қатар, есепті мерзімде құқықтық қызмет мамандары заңнамалық тақырыпта 75 лекция оқып, сала өкілдерінің қатысуымен 102 семинар өткізген. Құқықтық қорғау қызметінің барлық нысандары бойынша өткен жылы заңсыз ұсталып немесе төленбей қалған 415.0 млн.тг мөлшеріндегі қаржы сала өкілдеріне қайтарылса, құқықтық қызмет жұмысының 2020 жылы бойындағы жалпы экономикалық тиімділігі 528.8 млн. тг. құраған.

Алқалы жиын барысында 2020 жылғы кәсіподақ комитеті мен құрылымдық бөлімшелердегі қаржының жұмсалуы мен қаржы қызметінің қорытындылары туралы есебі тыңдалып, «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» педагогикалық ұжымдар көркемөнерпаздары шығармашылығының VIII фестивалінің және «Ең үздік бастауыш ұйым» аймақтық байқауының Ережелері бекітілді.




П.Бақыт,

Жамбыл облысы


Жарияланған күні: Наурыз 18, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты