• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ТҰЛҒА. ТАҒЫЛЫМ. ТАҒ…

ТҰЛҒА. ТАҒЫЛЫМ. ТАҒЗЫМ



Өшпес із қалдырған, сөнбес сәулені жаққан ұстаздық шыңы шәкірттеріне білім нәрін, ізгіліктің тәрбиесін қалдырған.

Қоғамның қайнар көзі саналатын ұстаздар бүтін бір ұлттың ертеңін, болашағын тәрбиелейді. Ұстаздықтың да өз жүгі әр кезеңде заман ағысына, өзгерістерге ұшырап, күннен-күнге жаңғыруда. Өткен күн-тарих. Тарихты жасаушы жандардың еңбегі оны жалғастырушысы буын барда өлмек емес, қайта жаңғырмақ.

Маңғыстау облысының Қарақия ауданының №4 орта мектебінің іргетасы 1965 жылы №3 орта мектебінің жанынан орыс сыныптарына бала қабылдап, кейіннен өз алдына жеке ғимаратқа көшіріліп, білім ордасының дамуы жандана түсті.

1965-1988 жылдары аралығында білім ордасында бірнеше тұлғалар басшылық қызметте болып, 1988 жылдан бастап 20 жылдан астам уақыт ішінде білім ордасы үшін өлшеусіз еңбектің үлгісін көрсете білген және соны өзгеге мойындата білген жан - Әбдиева Хазина Хайруллақызы.

Ол басшылық қызметте болған 1991 жылы еліміз тоталитарлық жүйеден босап, кеңдікке, азаттыққа қол жеткізгеннен кейін орыс мектебінде қазақ сыныптарының ашылуына ұйытқы бола білді. 20 жылдан астам уақыт ішінде қазақ сыныптарын ашуға қол жеткізу және соған сай кадрларды үйлестіру жұмыстарын бағыттау іскер басшының қолынан келетін қызмет.

Аталған білім ордасы үшін төккен тер мен жұмсаған күш –жігердің қарымтасы ретінде мектеп ұжымы Амал мерекесі қарсаңында білікті басшы болған, бүгінде ардагер ұстаз Әбдиева Хазина Хайруллақызының атына жеке кабинет жасақтап, салтанатты түрде аудан әкімінің, Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымының төрайымы Тарбия Анайбекқызының және аудандық білім бөлімі басшысының және жауапты мұғалімдердің қатысуымен ашылды.

Кабинетке арнайы жасалған баннер және Хазина апайдың қолынан өткен құжаттар мен «Фотосуреттер сыр шертеді» деген айдармен стенд ілінген.

Шара барысында мектептің 3 қабатында орналасқан мектеп мұражайы да қонақтардың қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Мұражайда мектепке берілген сертификаттар мен түрлі байқау сайыстардан жеңіп алынған жүлделі марапаттар және мектеп тарихынан шолу ретінде стенд қойылған.

Стендте 1965 жылдан бері қызмет атқарған директорлар, орынбасарлары, пән мұғалімдері мен қызметкерлер және орта мектепті үздік нәтижемен аяқтаған шәкірттер жөнінде мәліметтер жинақталған.

Қарақия ауданының №4 жалпы білім беретін орта мектебінің ашылғанына 55 жыл толуына орай және мектеп басшылығында 20 жыл қызмет атқарған Хазина Хайруллақызының мерейлі 70 жасына, сондай-ақ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне арналып өткізілген «Тұлға, Тағылым, Тағзым» атты салтанатты шараның соңы шағын мерекелік ән шашуға ұласты.




И.Тасмұхан,Қарақия ауданының №4 орта мектебінің

бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы,Маңғыстау облысы


Жарияланған күні: Наурыз 17, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты