• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҚОҒАМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТ…

ҚОҒАМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІК



Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының Біріккен комитеті филиалының ұйымдастыруымен «Қоғам және әлеуметтік әділеттік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Біріккен комитет филиалына қарасты білім беру мекемелерінде қызмет жасайтын «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелері мен мүмкіндігі шектеулі қызметкерлер-кәсіподақ мүшелері қатысты.

Жиынды ашқан Біріккен комитеті филиалының төрағасы Ж.Орынбеков тең мүмкіндік, ынтымақтастық пен адам құқығын құрметтеу әлеуметтік әділеттік орнатудың алғашқы қадамы екеніне тоқталып, әлеуметтік әділеттіліктің сипаты әлеуметтік әріптестік туралы облыстық білім басқармасы мен білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы арасында жасалған Келісім мен Ұжымдық шарттарда көрініс тапқанын жеткізді. Баяндамашы аталған құжаттарда ҚР еңбек заңдылығымен белгіленген жұмыс уақыты мен тынығу уақыты, іссапар шығындары, зиянды жағдайда жұмыс жасау мен баласы үшке толмаған ата-аналарға, мүмкіндігі шектеулі баласы бар жұмыскерге қатысты өтемақылар, төлемдер мен кепілдіктер теңдік принциптерімен реттелгенін атап өтті.

Жиынға арнайы шақырылған Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Г.Дуйсекова, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Тараз қалалық бөлімі басшысының орынбасары Ғ.Айдымбекова алтын және күміс алқа иегерлері мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты қолданыстағы заңнамалармен көзделген кепілдіктер, жеңілдіктер мен төлемдер тұрғысында, зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпарат-кеңес берді.

Іс-шара барысында алтын құрсақты аналар мен мүгедек жандар мамандардан өздерін жиі мазалайтын – мүгедектігі үшін алатын жәрдемақы мөлшері, электронды портал арқылы қызмет алу, мүгедектерге арналған арба мен ортопедиялық бұйымдар мен аяқ киімдер алу, денсаулық саласы мекемелерімен байланыс, 58 жаста зейнетке шығу мен жұмысты жалғастыру барысындағы зейнетақы қорына ұсталатын жарнаның ұсталмауы, 1998 жылдың 1-ші қаңтарына дейін еңбек өтілі бар азаматтардың зейнетке шыққан жағдайда алатын зейнетақы түрі мен мөлшері туралы сұрақтарға жауап алды. Жиынды облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Е.Мағзымбеков қорытындылап, кәсіподақ тарапына түскен бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Жиын соңында барлық қатысушыларға кәсіподақ ұйымының атынан естелік сыйлықтар табысталды.




П.Бақыт,

Жамбыл облысы


Жарияланған күні: Наурыз 10, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты