• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • МҰҒАЛІМДЕРДІ МЕРЕКЕ…

МҰҒАЛІМДЕРДІ МЕРЕКЕЛІК ҚАБЫЛДАУ



8 наурыз –Халықаралық әйелдер күніне орай Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы салтанатты қабылдау ұйымдастырды. «Әйел –Ана, Әйел-өмір, Әйел-жыр» атты мерекелік шараларға мекеме басшылары, сала ардагерлері, қоғамдық жұмыста белсенділік танытқан кәсіподақ мүшелері қатысты.

Карантиндік талаптарды сақтай отырып өткізілген шарада Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Төлепбергенов барша нәзік жандарды мерекемен құттықтады. Оқушыларға жалғыз білім үйретуді ғана емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беріп жүрген мұғалімдер қауымының атқарып жатқан жұмыстарын жоғары бағалап, жылы лебізін білдірді.

Салтанатты қабылдау барысында бірқатар кәсіподақ үздіктері жоғары, кәсіптік-техникалық және орта білім беру жүйесіндегі көпжылғы еңбектері мен шығармашылық табыстары, өңірдегі кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлестері үшін «Қазақстандық білім және ғылым қазметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, Салалық кәсіподақтың және облыстық кәсіподақтар орталығы, облыстық ұйымның Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Жиын барысында облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Ұ.Боранбайұлы және Талдықорған қаласындағы №45 «Арман» балабақшасының меңгерушісі С.Сейілғазинова әріптестеріне ізгі тілектерін арнады.

Ал, облыстық кәсіподақ ұйымының Әйелдер істері жөніндегі Комиссиясының төрайымы Ә.Ильясова «Ақылшы ене, ибалы келін» атты отбасылық байқауы туралы ақпарат берді. Байқауға барлығы 11 бейнеролик түсіп, әділқазы алқаларының қарауына ұсынылған. Нәтижесінде жүзден жүйрік шығып, І орынға Ү.Таңатарқызы мен С.Көбенбаева (Панфилов ауданы) ие болды. ІІ орын Ш.Рахметбай мен А.Дорводханға (Текелі қаласы) берілсе, ІІІ орынды А.Байменова мен Г.Жұмәділдә (Көксу ауданы) және З.Найтбаева мен А.Найзагерова (Талдықорған қаласы) өзара бөлісті. Жеңімпаздарға облыстық ұйымның дипломдары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.

Салтанатты жиында Қ. Байсейітов атындағы саз колледжінің білімгерлері өнерлерін көрсетіп, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.




Алматы облыстық білім және ғылым

қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі


Жарияланған күні: Наурыз 4, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты