• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ІРГЕЛІ ІСТЕРДІҢ ЖАР…

ІРГЕЛІ ІСТЕРДІҢ ЖАРШЫСЫ



Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының Т.Рысқұлов аудандық комитетінің кезекті ІV Пленумына білім мекемелерінің басшылары, кәсіподақ көшбасшылары мен белсенділері қатысты. Санитарлық-эпидемиологиялық шектеулерге байланысты алқалы жиынның негізгі жұмыс бөлігі ZOOM платформасында онлайн режимде өтті.

Пленумның күн тәртібіне сай Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі мен Кәсіподақтың аудандық комитеті арасында 2018-2020 жылдарға жасалған ұжымдық шарттың орындалуы туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Майра Базарова мен аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Айнұр Баймұратованың баяндамалары тыңдалды.

Әлеуметтік әріптестердің кәсіподақ мүшелері алдында берген есепті баяндамаларында айтылғандай, әлемді жаулаған пандемияға қарамастан бірқатар іргелі істер атқарылып, білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру, ұстаздар мен қызметкерлердің еңбек қатынастарында туындаған мәселелері екіжақты комиссия отырысында әлеуметтік әріптестік аясында толықтай шешімін тапқан.

Мәселен, биыл қаңтар айынан бастап орталықтандырылған бухгалтерияның есепші мамандарына 50%, кітапханашыларға 35% қосымша ақы төленіп келеді. Ауылдық жерде жұмыс істейтін педагог мамандарға 25 пайыздық қосымша ақы, педагогикалық қызметкерлерге коммуналдық шығынға 4 АЕК яғни, 11 100 теңге қаржы төленуде. Аудан мектептерінде пән бірлестігіне жетекшілік еткені үшін 168 мұғалімге қосымша ақы төленуде.

Кәсіподақ ұйымдарының негізгі жұмыс бағыты болып есептелетін тегін әрі білікті құқықтық қызмет көрсету арқылы кәсіподақтың қорғау және өкілеттік ету қызметі жүзеге асып, сала қызметкерлерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жұмысы нәтижелі жүруде. Өткен жылы еңбек заңнамасының орындалуын қоғамдық бақылау жасау мақсатында құқықтық қызмет заңгерлері 8 тексеру жүргізіліп, 26 еңбек заңдылығын бұзушылық деректері анықталған. Жыл бойында тікелей ұйымға кәсіподақ мүшелерінен 28 жазбаша өтініш түсіп, жеке қабылдауда 350 адам болған.

Төтенше жағдай кезінде аудандық кәсіподақ ұйымы «Біз біргеміз!» акциясына атсалысып, білім беру мекемелерінде қызмет жасап жатқан әріптестерге 3000 дана бетперде тігіп, үлестірген. «Жүрек жылуы» акциясы аясында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұсыныстары мен хаттамалық шешімдеріне және Атқару комитетінің шешіміне сәйкес аз қамтамасыз етілген, әлжуаз топтағы кәсіподақ мүшелері 184 сала қызметкеріне азық-түлік себеті түрінде 3 260 100 теңгені құрайтын қаражатқа жәрдем жасаған. Бұдан бөлек денсаулықтарына байланысты қиын жағдайға түскен кәсіподақ мүшелеріне материалдық жәрдем көрсетілген.

Пандемияға байланысты туристік саяхаттар тоқтатылғанымен, шипажайларда аудандық комитеттің кәсіподақ мүшелері (180 адам) 50 пайыз жеңілдікпен демалып, денсаулықтарын түзеген. Филиалдың әкімшілік-шаруашылық шығындарын мейлінше оңтайландыра отырып, үнемделуі мүмкін қаржыны тиімді жұмсау нәтижесінде аудан ұстаздарына 6 млн. теңгеге 32 бірлік ноутбук берілген. Тамыз кеңесі мен ұстаздар күні кәсіби мерекесінде аудан әкімінің 20 педагогына 100 000 теңгелік, 13 педагогқа 50 000 теңгелік сыйақы тағайындалған.

Білім бөлімінің басшысы мен кәсіподақ төрайымының есепті баяндамаларында берілген ақпараттарды білім мекемелерінің басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының көшбасшылары Ақбота Стыбаева, Қанат Түзелбаев, Айгүл Құдайбергеновалар жарыссөз барысында растай отырып, атқарылған жұмыстарға жоғары баға беріп, ұсыныстарын жеткізді. Жиында аудандық комитеттің жұмыс жоспары мен 2021 жылғы арналған қаржы сметасы да бекітілді.

Пленумның марапаттау кезеңі аудандық мәдениет үйінде өтіп, бірқатар номинациялар бойынша бірнеше білім мекемелері Алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.




П.Бақыт,

Жамбыл облысы


Жарияланған күні: Ақп. 26, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты