• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ Ж…

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ



Ағымдағы жылдың 23 ақпанында Павлодар облыстық білім беру саласы кәсіптік одағына қарасты Жастар кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында жас мамандарға еңбек және әлеуметтік тұрғыдан қолдау жасау бойынша ұсыныстарды салалық келісім-шартқа енгізу, республикалық «30 еңбек елшісі», «Халық бюджеті», облыстық «Кәсіподақ – тірегім!» жобалары, «Жас мамандардың бейімделуіндегі мәселелер және оны шешу жолдары» тақырыбында Open Space форматында өтетін онлайн-талқылау жайында сөз қозғалды.

Салалық келісім шартқа ұсыныс білдіру бойынша Успен ауданы Жастар кеңесінің төрайымы А.Сабитова сөз сөйледі. Ол өз кезегінде ауылдық жердегі жас мамандардың орнығуы үшін оларға психологиялық ахуалдың оң болуы қатты әсер ететінін атап өтті. 3 жылға дейін қатаң тексерістерден босатылуы – жас педагогтың өз саласына еніп, орнығуына оң ықпал ететіні туралы да сөз болды. Жалпы, жас мамандарды толғандыратын басты мәселенің бірі әрі бірегейі – баспана алуға мемлекет тарапынан қолдау. Бұл сұрақ тек ауыл мамандарын ғана емес, қала жас мамандарын да толғандыратын мәселе.

Республикалық «30 еңбек елшісі», «Халық бюджеті» жобалары жайында облыстық Жастар кеңесінің төрайымы А.Абильдинова айтты. Жобаларға қатысу шарттары мен өтінішті қабылдау мерзімі туралы кеңес мүшелеріне толық ақпарат берілді. Ағымдағы жылы облыс көлемінде «Кәсіподақ – тірегім!» жобасы жүзеге асатын болады. Бұл жоба аясында білім беру саласы кәсіптік одағына қарасты Жастар кеңесінің әрбір жұмысы, қозғалысы біркелкі нақышта кәсіподақ желілерімен қатар, жобаға қатысушының жеке әлеуметтік желілерінде де жарық көретін болады. Осылайша, кәсіподақ жұмысы жайлы ақпаратты тарату ауқымын кеңейту көзделген.

«Жас мамандардың бейімделуіндегі мәселелер және оны шешу жолдары» тақырыбында Open Space форматында өтетін онлайн-талқылау жайында Жастар кеңесінің белсенді мүшесі Д.Карпеченко айтты. Ол өз кезегінде ағымдағы жылдың 26 ақпан күні онлайн форматта Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының жас мамандары арасында онлайн-талқылау өтетіні жайында хабарлады. Екібастұз және Ақсу қалалары атынан осы аймақтың ауылдық округтерінің жас педагогтері де қатысады.




А.Абильдинова,Павлодар облысы білім беру саласы кәсіптік

одағына қарасты Жастар кеңесі төрайымы

Жарияланған күні: Ақп. 24, 2021
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты