БІЗДІҢ БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымы - құрамында кәсіподақтың 1000-нан астам мүшесі бар іргелі ұжым.
Жоғары оқу орнының кәсіподақ ұйымы мемлекетіміз білім саласы қызметкерлерінің алдына қойып отырған міндеттерді, бағдарламалық құжаттарда қозғалған мәселелер мен қолға алынған бастамаларды, ҚР Кәсіподақтар туралы заңын басшылыққа ала отырып, өз жұмысында төмендегі бағыттарға негізгі басымдық беріп келеді:
-сала қызметкерлерінің әлеуметтік құқығын қорғау;
-еңбек заңнамаларының, нормативтік-құқықтық актілердің сақталуын бақылау;
-өндірістік-кәсіптік мүдделерді қорғау, еңбек дауларын шешуге атсалысу;
-жастарға білім мен тәрбие беруге қатысты түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу т. б.
Университеттің кәсіподақ ұйымы кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында біршама жарқын істердің жаршысы болып отыр. Сауықтыру шараларына ерекше көңіл бөліп, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері қосымша демалыс уақытында шипажайларда ем алып келді. Мәселен, облыстық кәсіподақ ұйымының қолдауымен университеттің 25 қызметкері «Зәру» шипажайында демалып, денсаулықтарын нығайтты. Тағы бір қуантарлық жағдай, биыл университеттің 85 жылдық мерейтойына байланысты Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы қолдауымен университеттегі кәсіподақ мүшелеріне жазғы демалыста тегін демалуға жиырма жолдама берілді.
Кәсіподақ мүшелерінің өтініші бойынша материалдық көмек беру мәселесі қолданыстағы ережелерге сәйкес шешіліп, түрлі деңгейдегі қаржылай қайырымдылық шаралары жүзеге асырылып келеді, соңғы үш жылда келіп түскен 300-ден астам өтініш қаралып, толық қанағаттандырылды.
Университет бастауыш кәсіподақ ұйымы атаулы және кәсіби мерекелерді ұйымдастыруға атсалысып, еңбек озаттары мен әр түрлі жарыс жеңімпаздарын марапаттауды дәстүрге айналдырған.
Университеттің 85 жылдық мерейтойымен тұспа тұс келген Ұстаздар күнінде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы профессор-оқытушылар құрамын Алғыс хатпен және сыйақымен марапаттады. Ұстаздарды ынталандыруға кәсіподақ қаржылай демеушілік жасады.
Сонымен қатар, университет бастауыш кәсіподақ ұйымы «Мектепке жол»,«Біз Арыспен біргеміз!»,«Мақтаралға көмек» т.б. қайырымдылық шараларына үн қосып, көмек қолын созды.
Бұдан басқа кәсіподақ ұйымы ішкі еңбек тәртібінің сақталуы, жұмыс орны жағдайын жақсарту мәселесін де назарда ұстайды.
Сонымен бірге, бастауыш кәсіподақ ұйымы білім беру қызметкерлерінің алдына қойылған білім сапасын жетілдіру, білім жүйесіне озық технологияларды енгізу, мұғалім мәртебесін арттыру т.б. міндеттердің орындалуы, студенттердің ұлттық санасын қалыптастыра отырып,бәсекеге қабілеттілікке баулуға бағытталған іс-шараларға да белсене қатысады.
Университеттің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы - Сұлтанғалиева Ольга Қашымқызы. Жұмысына жауапкершілікпен қарайтын төрайымға ұжымның алғысы шексіз!
-
Фото
-