• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Бастауыш кәсіподақ …

Бастауыш кәсіподақ ұйымының жылына арналған кәсіподақтың оп-line-платформасы



18 ақпанда Білім және ғылым қызметкерлерінің Павлодар облыстық кәсіподағында Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылына арналған онлайн-платформасы өткізілді.

Конференцияны Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мақсатқызы Мұқашева құттықтау сөзімен ашты. Өз сөзінде ол Павлодар ұйымы республикада алғашқы болып Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылын ашу бойынша ірі ауқымды іс-шара өткізіп отырғанын және біздің кәсіподақтың болашақ мақсаттары мен міндеттерін нақты атап өтті. Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы, ең алдымен ұйымдардың ұйымдастырушылық қызметін нығайтатын, сондай-ақ қызметкерлердің жекелеген әлеуметтік мәселелерін шешудегі белсенді іс-қимыл жылы болуы тиіс.

Конференция спикерлері өз сөздерінде кәсіподақ қызметінің түрлі бағыттары бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Торайғыров университеті қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ж.Ж. Уахитов соңғы екі жылда кәсіподақ мүшелерінің саны 2,5 еседен (307-ден 820-ға дейін) артық өскенін атап өтті. Қол қою рәсіміне Салалық кәсіподақ төрайымы А.М. Мұқашева қатысқан, университет ректоры мен кәсіподақ комитеті арасындағы ұжымдық шартқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар кәсіподақ қызметінің дамуына серпін берді. Бүгінгі таңда ұжымдық шарт кәсіподақ мүшелерінің мүддесі үшін нақты әрекет етуде.

Ертіс аграрлық-техникалық колледжінің 36 жыл бойы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып сайланып келген Сергей Иванович Ольхов, әлеуметтік серіктестермен өзара әрекеттесу тақырыбын жалғастырды. Бұл оқу орнының басшылығы кәсіподақ комитетінің келісімінсіз ешқандай шешім қабылдамайды. Әлеуметтік әріптестік жүйесін одан әрі дамыту, оның әсер ету тиімділігін арттыру міндетін әрбір қызметкердің ғана емес, колледждің әрбір оқушысының мүддесі үшін шешуде.

Соңғы сайлаудың қорытындысы бойынша облыстық және аудандық мәслихаттарға облыстың білім беру ұйымдары қызметкерлерінің қатарынан 27 депутат сайланды. Бұл мұғалімнің маңыздылығын ғана емес, сонымен бірге қоғамның оған деген сенімін тағы да растайды.

Шарбақты аудандық мәслихатының депутаты, Шарбақты ауылының №2 ЖОББМ директорының орынбасары Маринко Людмила Владимировна өз сөзінде депутаттардың кәсіподақпен өзара іс-әрекеті мұғалімнің әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға негізделгенін атап өтті. Білім беру ұйымдарын қаржыландыру, әлеуметтік сипаттағы түрлі төлемдер мәселелері нақты осы мәслихаттар арқылы шешілуде.

«Тереңкөл ауданының білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» филиалының төрайымы Умарова Айтжамал Аибовна қазіргі жағдайда кәсіподақтардың қызметін қайта қарастыруға тоқталып өтті. Қызметкерлер ұжымдарындағы біздің қоғамдық ұйымымыздың маңыздылығын арттыратын жұмыстың жаңа технологияларын енгізу, кәсіподақ мүшелігін ынталандыру бойынша жұмыс нысандары мен әдістерін өзгерту қажеттілігін ерекше атап өтті.

Бұл тақырып Павлодар қаласының № 36 ЖОББМ мұғалімі Дмитрий Александрович Карпеченконың баяндамасында да жалғасын тапты. Ол жас мұғалімдермен жұмыс түрлерін өзгерту керек деп санайды.

Жас мұғалім мамандықты тәжірибеде оған ресми бекітілген тәлімгердің көмегіне ғана сүйеніп игермейді.Оған бұрын келген жас әріптестер баддинг-тәлімгер ретінде өз білімдерін, біліктері мен дағдыларын бере алады. Дмитрий Карпеченко облыстық кәсіподақ жанындағы облыстық жастар кеңесінің мүшесі бола отырып, бұл мәселені кеңес отырысында көтеріп, пилоттық жобаны әзірлеп, енгізуге шешім қабылдады.

Онлайн-платформа жұмысын қорытындылай келе, Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Гүлбарам Әуезханқызы Науразбаева Бастауыш ұйым жылында кәсіподақтың алдында тұрған міндеттерді анықтады.

Алдағы кезеңде біздің қызметіміздің өзегі біздің басты буынымыз – бастауыш кәсіподақ ұйымдарды одан әрі нығайту болады. Біздің актив бастауыш кәсіподақ ұйымдарын нығайту жолдарын айқын көретіндігін атап өткен жөн. Төтенше жағдайлардағы жұмыс бізді жұмыстың нысандары мен әдістерін түбегейлі қайта қарауға мәжбүр етті. Біздің ұйымдардың қолданысында мүлдем жаңа технологиялар мен коммуникациялық құралдар пайда болды, бірқатар кәсіподақ жобалары іске асырылуда. Жобалау қызметінің нәтижесінде біздің «Digital Kasipodaq» мобильді қосымшамыз карантин жағдайында «Кәсіподақ бейне сабағы - Профсоюзный видеоурок» жобасы іске қосылды, ақпараттық кеңістік айтарлықтай кеңейтілді. Басқа да көптеген бастамалар іске асырылды. ҚРКФ-ның «Халық бюджеті», «30 еңбек елшісі» жобаларына қатысу бойынша жұмыс басталды.

Уақыт алға жылжып, кәсіподақ алдына жаңа міндеттер қойылып, жаңа басым бағыттары айқындалады. Тек негізгі мақсат өзгермейді: Еңбек адамының мүдделерін білдіру және қорғау. Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы-біздің жұмысымыздың жауапты кезеңі.

Қатысушылардың сөйлеген сөздерінің толық мәтіндері Қазақстандық салалық кәсіподақтың Павлодар облыстық ұйымының сайтында орналастырылған.




Қазақстандық салалық білім және ғылым

қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар

облыстық ұйымының баспасөз қызметі



Жарияланған күні: Ақп. 20, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты