• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЖАМБЫЛДА АТҚАРУ КОМ…

ЖАМБЫЛДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ



Өткен жұмада Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағының кезекті Атқару комитетінің отырысы өтті. Алқалы жиынға филиал мәртебесіндегі Тараз қалалық және аудандық ұйым жетекшілері, құқықтық еңбек инспекторлары мен комитет мүшелері қатысты. Жиынды Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібіндегі алғашқы сұрақ бойынша 2020 жылғы Жергілікті кәсіподақ ұйымы қызметінің қорытындылары шығарылып, 2021 жылдың жұмыс жоспары бекітілді. Бұдан соң Т.Рысқұлов аудандық комитетінің төрайымы Айнұр Баймұратова баяндама жасап, өзі басшылық ететін ұйымның жұмысын ұйымдастыру мен жоғары тұрған кәсіподақ органдарының шешімдерін орындау барысы туралы айтты.

Жиын барысында Атқару комитеті мүшелерінің назарына Жамбыл, Мойынқұм және Сарысу аудандары бойынша құқықтық еңбек инспекторларының құқықтық қорғау жұмысы бойынша есебі ұсынылды. Берілген ақпараттарға сәйкес, өткен жылы Жамбыл ауданының құқықтық еңбек инспекторы Ә.Сарсенбаева білім беру мекемелерінде еңбек заңнамаларының орындалысына 39 қоғамдық бақылау жүргізіп, нәтижесінде 78 заң бұзушылық дерегін анықтаған. Ал Сарысу аудандық комитетінің инспекторы М.Абдиров еңбек заңдылығының орындалуын бақылау бойынша барлығы 10 бақылау жүргізіп, 58 құқық бұзушылық фактісін тіркеген. Мойынқұм аудандық комитетінің құқықтық еңбек инспекторы Б.Тілеужанов 43 бақылау өткізіп, 120 құқық бұзушылық дерегін анықтаған.

Бақылаулардың басты мақсаты – кәсіподақ мүшелерінің еңбек және құқықтық мүддесін қорғау, жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында пайда болған дауларды дер кезінде келіссөздер арқылы шешу болып табылады. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жұмыс берушілерге келіссөздер мен ұсыныстар беру арқылы сала қызметкерлері-кәсіподақ мүшелеріне қомақты қаражат қайтарылған. Мәселен, Жамбыл ауданының ұстаздарына 2020 жылы – 71 160 780 теңге, Мойынқұмдық ұстаздардың қалтасына 2 572 361 млн. теңге, ал Сарысулық ұстаздарға келтірілген экономикалық көрсеткіш 1 729 762 теңгені құраған.

Кемшіліктер ұжымдық шарттың 6.5.7. тармағына сәйкес еденді тазалаушыларға зиянды заттармен жұмыс істегені үшін 30% қосымша ақы төлемеу, ауысыммен қызмет ететін қызметкерлердің үстеме уақыттағы жұмыстарын дұрыс есептемеу, педагогтардың біліктілік санатын ескермеу, коэффициенттері қате қолдану, жеке табыс салығын ұстауда кірісті түзетуді пайдаланбау кезінде орын алған.

Сондай-ақ, жиын барысында 2021-2023 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік актілерін қабылдау мен жүзеге асыру, сала қызметкерлері-кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасы өкілдерін сауықтыру сынды бірқатар мәселелер қаралып, әр сұрақ бойынша тиісті Қаулы қабылданды.




П.Бақыт,

Жамбыл облысы


Жарияланған күні: Ақп. 8, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты