АТЫРАУДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 4 ақпан күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі Атқару комитетінің кезекті мәжілісі онлайн түрінде өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық ұйымның 2020 жылға арналған статистикалық есебі, кірістер мен шығыстар сметасының орындалысы, 2021 жылға арналған істер номенклатурасы туралы заңгер Ю.Айбосынова, бас есепші А.Тұяқпаева, ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің мамандары З. Бекмұхамбетова, А. Ғұмаровалар сөз сөйледі.
«Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 6.5. «2021 жылды «Кәсіподақтың бастауыш ұйымының жылы» ретінде жариялау туралы» қаулысын және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ Атқару комитетінің 22.01. 2021 ж. № 9. 2 т. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының кәсіподақ қызметі туралы «Үздік бейнеролик» Республикалық байқауы туралы» қаулысын жүзеге асыру жәйі» туралы қаулыларын жүзеге асыру шараларымен облыстық қоғамдық бірлестіктің төрағасы Қ.Сүндетұлы таныстырды. Мәжіліс қаулысымен облыс салалық кәсіподақ ұйымдарының филиалдар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына байқау-сайысқа барлық ұйымдардың белсенді қатысуын қамтамасыз етіп, оларға қажетті ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету тапсырылды. Аталмыш сайыс, Атырау облысы білім және ғылым саласы қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге, кәсіподақ ұйымдарының ұйымдастырушылық қызметін күшейтуге бағытталуы тиіс екендігі атап көрсетілді.
Кәсіподақ ұйымдарының байқау-сайысқа дайындалу және қатысу жоспары, облыстық ұйымның байқау-сайысты өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы және байқауға қатысушылар қызметін бағалау өлшемі беркітілді. Кәсіподақ ұйымының көшбасшыларына республикалық салалық кәсіподақтардың «Ұстаздық еңбек» газетінде, әлеуметтік желілерде сайыстың жүрісі туралы материалдарды тұрақты жариялау тапсырылды.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының облыстық сайыстағы жеңісі үшін соңғы үлгідегі оргтехникалармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталатыны жария етілді.
С.Қапсихова,
Атырау облысы