• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫЛ…

КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫ ЕСЕП БЕРДІ



Ақтөбе облысында аудандық кәсіподақ көшбасшылары есеп беру жиындарын өткізді. Білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымдарының төрағалары 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.



ZOOM платформасында өткен онлайн конференцияларға облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Раушан Серікова, кәсіподақ заңгерлері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, аудандық білім бөлімдері мен білім беру мекемелерінің басшылары- әлеуметтік әріптестер және тексеру комиссиясының мүшелері қатысты.



Кәсіподақ қызметінің негізгі мақсаты- кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік –экономикалық еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады. Осы бағытты ұстанған аудандық кәсіподақ ұйымдары жыл бойы білім беру ұйымдарындағы кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғап, еңбек заңдылықтарының сақталуын жіті назарда ұстап отырды.



Мәселен, білім мекемесінің әкімшілігі декреттік демалыстағы қызметкерлердің орнын алмастырған педагогтармен еңбек шартын жасамаған. Сәйкесінше, мұғалімдердің жалақысы дұрыс есептелмеген. Кәсіподақ ұйымының араласуымен заңбұзушылыққа жол берілген жоқ. Өңір педагогтарына төтенше жағдай кезінде еңбекақы, еңбек демалысының төлемдері, сауықтыру жәрдемақылары уақытылы төленді. Кәсіподақ мүшелерінен түскен арыз-шағымдар жедел есепке алынып, еңбек инспекторлары құқықтық кеңес берді.



Кәсіподақ ұйымдары да еңбек дауларын шешу және педагогтардың кәсіптік шеберлігін шыңдау жолында ауқымды істер атқарды. Атап айтсақ, аудандық кәсіподақ ұйымының жүйелі жұмысының нәтижесінде білім беру мекемелерінің басшылары мен олардың орынбасарларына сауықтыру жәрдемақылары аударылды. Магистр ғылыми дәрежесі бар педагогтарға қосымша ақы төлеу, педагог – сарапшы санатына өтініш беру тәртібі, онлайн жұмыс жасау уақытында жаңартылған білім мазмұны бойынша ақының сақталуы сияқты сұрақтар заң аясында шешімін тапты.



Кәсіподақ қайырымдылықтан қол үзген емес. Аудандық білім кәсіподақ ұйымдары «Біз біргеміз» республикалық қайырымдылық акциясына үн қосып, аз қамтылған,көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті. Баспаналары өртеніп, қиын жағдайға тап болған кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек берілді. Ковид-19 және пневмонияға шалдыққан педагогтардың ем-домына қаражат қарастырылды.Еңбек демалыстары кезінде мұғалімдер кәсіподақ жолдамасымен еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан емдеу-сауықтыру орталықтарында болып, денсаулықтарын нығайтып қайтты. Мемлекеттік және кәсіби мерекелер қарсаңында сала үздіктерін Алғыс хаттармен марапаттап, қаржылай сертификаттар ұсынды.



Әріптестерінің есеп беру жиындарына барлық аудандағы білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысып, кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғау және әлеуметтік әріптестік аясында атқарған іс-тәжірибелерімен бөлісті. Әрбір семинар соңында қатысушылар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Раушан Серікқызына және құқықтық еңбек инспекторына сауалдарын қойып, нақты жауаптарын алды.


Жарияланған күні: Ақп. 2, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты