• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ - ЕҢБЕ…

ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ - ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ



Қазіргі таңдаа Павлодар облысындағы білім беру ұйымдарында 2021-2023 жылдарға арналған ұжымдық шарттар жасасу жөніндегі Ұжымдық шарт науқаны өтуде. Науқанның негізгі мақсаты - қолданыстағы ұжымдық шарттардың ережелерін қайта қарап, оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ жаңаларын жасау болып табылады.

Ұжымдық шарттарға қол қоюдың қазіргі науқаны күшіне енген "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер, басқа да нормативтік – құқықтық актілер шарттарында өтуде. Осыған байланысты білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін адамдардың оның барлық ерекшеліктерін білуіне кәсіподақтар мен еңбек ұжымдарының қоғамдық көшбасшылары жағдай жасауы керек.

Бұл маңызды шараның алдында Г.Ә. Науразбаева басқарып отырған Салалық кәсіподақтың Павлодар облыстық ұйымы орасан зор жұмыс жүргізген болатын. Облыстық кәсіподақ ұйымының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Г.О. Жаркенова ұжымдық шарттардың жобасын әзірлеп, сондай-ақ бейнесабақ ұсынып, келіссөздер мен ұжымдық шарттарды жасасу бойынша әдістемелік ұсынымдар берді.

2021 жылғы 13 қаңтарда "Павлодар педагогикалық университеті" Коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұжымының жалпы жиналысында жұмыс беруші атынан оның өкілі – басқарма төрағасы - ректор, профессор Жанбол Жылбаев және ЖОО қызметкерлері атынан олардың өкілі –бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, филология ғылымдарының кандидаты, қосымша білім беру институтының директоры Жаева Роза ұжымдық шартқа қол қойды.

Ұжымдық шарт қызметкерлер мен жұмыс берушінің ЖОО қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіптік мүдделерін қорғау және қосымша әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, кәсіптік кепілдіктерді, жеңілдіктер мен артықшылықтарды, жұмыскерлерді әлеуметтік қолдау шараларын белгілеу жөніндегі, сондай-ақ еңбек заңнамасымен, еңбек құқығы нормаларын қамтитын өзге де нормативтік құқықтық актілермен, бас, салалық, өңірлік келісімдермен салыстырғанда неғұрлым қолайлы еңбек жағдайларын жасау жөніндегі өзара міндеттемелерін айқындау мақсатында жасалды.

Ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексін, Білім туралы, Кәсіподақтар туралы, "Педагог мәртебесі туралы" Заңды ескере отырып әзірленді. Жаңа ұжымдық шартта ЖОО қызметкерлерінің барлық кепілдіктері мен құқықтары сақталып, кейбір бағыттар бойынша шарттар жақсартылды.

Сонымен, ұжымдық шартқа сәйкес келесі кепілдіктер мен өтемақылар қарастырылған: қызметкердің бала тууына байланысты материалдық көмек көрсету – 10 АЕК; қызметкердің қайтыс болуына байланысты – 50 АЕК отбасы мүшелерінің біреуіне немесе ол болмаған жағдайда жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамға біржолғы төлеммен; қызметкердің зайыбы/балалары, ата – аналары – 40 АЕК; некеге тұруына байланысты – 10 АЕК; қызметкердің емделуіне/операциясына байланысты-30 АЕК; еңбек жағдайлары зиянды немесе қауіпті жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге жыл сайынғы қосымша ақы төленетін; қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы толық көлемде берілген кезде лауазымдық жалақысы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы және басқа да кепілдіктер мен өтемақылар төлеу.

Университет ұжымы қабылданған келісім барлық әлеуметтік-құқықтық мәселелерді басшылықпен бірге шешуге және еңбек ұжымын әлеуметтік-экономикалық кепілдіктермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне сенімді.




Р. Жаева,"Павлодар педагогикалық университеті"

КЕАҚ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы


Жарияланған күні: Қаң. 18, 2021
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты