• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ТӨРАҒА ЕСЕП БЕРДІ

ТӨРАҒА ЕСЕП БЕРДІ



Ағымдағы жылдың 12 қаңтар күні онлайн режимінде «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ кезекті Комитет мәжілісі өтті. Пленум мәжілісінде Салалық кәсіполдақтың Атырау облыстық ұйымының төрағасы Қ.Сүндетұлының «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы ҚБ-нің 2020 жылы атқарған жұмысы және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың ««Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласынан туындаған алда тұрған міндеттер туралы» есебі тыңдалды. Баяндамашы өз сөзінде өткен жылы атқарылған жұмыстарға, сондай-ақ биылғы жылы жүзеге асырылатын міндеттерге кеңінен тоқталды. Атырау облыстық салалық ұйымның негізгі ұстанымы – барлық ұйымдар жұмысындағы ашықтық, айқындық және бірлікті баяндауға бағытталып, аймақтың білім саласы қызметкерлерінің кәсіби және әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін ұжымдық қорғау әлеуетін күшейту болып атап көрсетілді.

Баяндаманы талқылауға Комитет мүшелері «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Мақат аудандық комитеті» филиалының төрағасы - Е.С. Құлтаев, Махамбет ауданы Алға орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы - Т. Құлахмет , Атырау қаласы, №12 орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы - А.Сиражиев, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті комитеті» филиалының төрағасы - А.Қ. Ахмет қатысты.

Мәжілісте күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қаулы қабылданып, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Қ.Сүндетұлының «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің 2020 жылғы атқарған жұмысы «қанағаттанарлық» деп табылды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласынан туындаған әлеуметтік мәселелерді жүзеге асыру бағытында барлық қала, аудан және бастауыш ұйымдарында кәсіподақ ұйымдары төрағаларының 2020 жылғы атқарған жұмыстарының есебін беру міндеттелді.

Биылғы 2021 жылды ҚР Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің шешімімен «Бастауыш кәсіподақ ұйымдары жылы» деп жариялануына байланысты, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының білім беру саласындағы қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі қызметін өзектендіріп, нығайтуға және кәсіподақ ұйымдарының беделін көтеруге арналған шара жасақтауға шешім қабылданды.




«Ұстаздық еңбек»

Жарияланған күні: Қаң. 13, 2021
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты