АҚТӨБЕЛІК ПЕДАГОГТАРҒА ШИПАЖАЙЛАРҒА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы қысқы демалыс кезінде білім саласына сіңірген еңбегі мен жетістіктерін ескере отырып, облыс ұстаздарына шипажайларға жолдама берді.
Қазіргі таңда Байғанин, Ойыл, Ырғыз аудандарының педагогтары «Шипагер» емдеу-сауықтыру орталығында тынығып жатыр.
Әйтеке би, Қарғалы ауданының ұстаздары «ЮКОН» шипажайында демалған еді. Мұнда ұстаздар тұзды шахтада ем қабылдады. Дәрігерлердің пайымынша, бұл ем-шара теңіз жағалауында демалғанмен пара-пар. Тұзды шахта зат алмасу процесін қалпына келтіріп, демікпе, бронхит, пневмония, аллергиялық ауруларды емдеуге және алдын алуға көмектеседі. Сондай- ақ шипажайда мұғалімдер емдік душ, массаж қабылдап, толық медициналық тексерістен өтті.
Ұстаздар жақсылап тынығып, денсаулықтарын түзеп, жұмысқа көтеріңкі көңіл-күймен, күш-қуатпен кіріседі деп сенеміз!
-
Фото
-