БАЛДЫРҒАНДАР ҚУАНЫШЫ
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымының Ақтау қалалық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдары аз қамтылған және көп балалы қызметкерлерге қайырымдылық қолдау акциясы аясында жаңа жылдық сыйлықтар табыстады. Қайырымдылық қолдау шарасы балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлауды мақсат етті. Шарада қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы К.Енсегенова шақырылған қызметкерлер мен балаларға мерекелік құттықтау сөзін сөйлеп, жылы тілектерін арнады.
Сыйлық алған балалардың қуанышында шек жоқ! Қайырымдылық пен мейірімділік адамға жақсы әсер қалдыратыны рас.
Көмек алған қызметкерлер кәсіподақ ұйымы жанынан ұйымдастырылған іс-шараға жылы лебіздерін, алғыстарын білдіре келе, бүгінгі таңда кәсіподақ ұйымы жанынан жүргізіліп жатқан қарқынды жұмыстың жалғаса беруіне тілектестік білдірді.
Қ.Медиева,Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы,
Ақтау қаласы
-
Фото
-