• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҰСТАЗДЫҚ – ҰЛЫ ҚЫЗМ…

ҰСТАЗДЫҚ – ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ



Адам бойындағы ең асыл қасиеттер — ізгілік пен білімділік. Ал адам жанына осы асыл қасиеттерді дарытушы — мұғалім. Елбасы Н.Назарбаев: «Мұғалімдер — қоғамның ең білімді, ең отаншыл бөлігі. Сіздер біздің балаларымызды өсіріп, олардың ақыл-ойын жетілдірудесіздер. Олар үшін кейде ата-аналарына қарағанда сіздердің беделдеріңіз үлкен» дегендей, ұстаздар қоғамның мәртебелі маман иелері.

Ұстаз өнегесі әрбір мектеп бітіруші түлектің өміріне жол сілтер шамшырағы секілді. Мектеп қабырғасында тәрбие мен білімді қатар берген ұстаздарымның өнегелі еңбек жолы мені де мұғалім болуға жетеледі. 90-шы жылдары халыққа қалтқысыз қызмет атқарып жүрген ардақты ұстаздар жайлы баспа беттерінен жиі оқитынбыз, ол кісілерді үлгі тұтатынбыз.

Мен осы мақаламды Ақыжанов Таңжарық – Мәулен туралы сөз қозғамақпын. Мәулен ағамыз мұғалімдік міндетін дәл, мінсіз атқарвп, ұқыптылығынан, тиянақтылық танытуынан, білімділігінен тәлім алып, мұғалім боламын деп бел буыпты. Сөйтіп, арман қанатында Қарағанды қаласына келіп, 1970 жылы Қарағанды педагогикалық институтына түсіп, биология -оқытушы мамандығын игерген. Ұстаздық еңбек жолын 1969 жылы Калинин орта мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі болып бастап, диплом алғаннан кейін сол аталмыш институтта комсомол ұйымының ІІ хатшысы қызметін атқарды, әскери борышын өтегеннен кейін, 1978 жылы №2 қазақ орта мектебінде жұмыс істеп, кейін білім беру бөліміне инспектор болып ауысады.

1982-1985 жылдары мәдениет бөлімінің басшысы, 1985-1995 жылдары Ивановка орта мектебінің басшысы болған. 1997 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін мұғалімдер кәсіподағының аудандық филиал төрағасы лауазымын абыроймен атқарды.



Мәуленді 1998 жылдан бері білемін. Бір ауданда жұмыс атқарғандықтан талай рет аудандық, тіпті облыстық іс-шараларда ақыл-кеңесін тыңдап, тәлім-тәрбиесін алдық. Еліміздегі оң өзгерістерді қалт жібермей қадағалап, жаңалығымен бөлісуге әрдайым дайын тұратын абзал жан. Казіргі таңда жолдасы Мәмбетайқызы Сағдат жеңгемізбен үш бала өсіріп, сегіз немере- жиендеріне тәлім тәрбие беріп отырған өнегелі отбасы. Тұнғыш ұлдары Серік Осакаров кентінің әкімі болса, қыздары Жанна Қарағанды ІІД майор шенінде, ал Салтанаты өзіміздің Нұрада кіші бизнеспен айналысуда.



Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесі – 70 жасқа алып жетті. Халқымызда “Қарты бар елдің қазынасы бар" – деген жақсы сөз бар. Осынау жылдар ішінде өмірдің талай белестерінен табысты өтіп, бүгінде өркен жайған алып бәйтеректей үлкен бір әулеттің ақылшы тірегі, арқа сүйері болып отырсыз.




Құтты болсың 70 жасыңыз,

Сексеннің де сенгірігінен асыңыз.

Қуат алып, денсаулықтың нәрінен,

Жүзіп өтіп жүзге аяқ басыңыз!

Балалардың арасында жүріңіз,

Шаттық нардан айықпасын жүзіңіз!

Тілек еттік шын жүректен бәріміз

Мықты болып ұзақ өмір сүріңіз!




А.Мустафин,Нұра аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы,

Қарағанды облысы

Жарияланған күні: Жел. 29, 2020
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты