• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ТҮРКІСТАНДА САЛАЛЫҚ…

ТҮРКІСТАНДА САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫ АШЫЛДЫ


Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымына қарасты білім саласы қызметкерлеріне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Салтанатты жиын "Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы" ҚБ төрайымы А.Мұқашеваның бейнебайланыс арқылы құтықтау сөзімен ашылды.

А.Мұқашева әріптестерді мерекемен құттықтай отырып, кәсіподақ саласында болып жатқан өзгерістерге тоқталды. Кәсіподақ төрайымы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Түркістан облыстық ұйымының (төрағасы Б.Еркінбек) ҚР "Кәсіподақтар туралы" заңына қайшы іс-әрекеттерін айта келіп, Жарғы талаптарын орындамауына байланысты Салалық кәсіподақтың Атқару комитетінің қаулысымен Салалық кәсіподақтың құрамынан шығарылғаны туралы, сонымен қатар ҚР Кәсіподақтар федерациясының құрамында бола алмайтынын хабарлады.

Сондықтан, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық Қоғамдық бірлестігі жаңадан құрылғанын, оған төраға ретінде А.Абпазовтың сайланғанын атап өтті. Жаңа ұйым Салалық кәсіподақпен бірге ҚР Кәсіподақтар федерациясының, сонымен қатар Салалық кәсіподақ кіретін халықаралық ұйымдардың қатарына енгенін қуанышпен жеткізді. Жаңадан ашылған облыстық Кәсіподақ ұйымына сәттілік , алдағы қызметтеріне абырой тіледі.

Салтанатты жиынға қатысушы кәсіподақ мүшелерін Түркістан облысының Адами капиталды дамыту басқармасының басшысы А.Батырбекова, Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымының төрағасы А.Абпазов, Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің кеңесшісі Г.Әсілбаевалар мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі. Мерекелік іс-шараның соңы марапаттаулармен жалғасты.

Шарада Түркістан қаласындағы Хамза атындағы №2 КММ-нің кәсіподақ комитиетінің төрағасы Б.Абдураймов пен Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің кеңесшісі Г.Әсілбаева Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен, ал Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің маманы М.Кенжебаева және Түркістан жоғары, көпсалалы қолөнер колледжінің қызметкері М.Божбанбаев Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының төсбелгісімен марапатталды.

Түркістан қаласындағы Яссауи атындағы жалпы орта мектептің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы Г.Азизовке, №3 Ә.Темір атындағы жалпы орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы З.Абдураимовқа, «Өнер мектебі» МКҚК директоры Т.Тілеулиевке, №6 жалпы орта мектеп КММ директоры Р.Ибадуллаеваға, № 13 Ә.Науаи атындағы мектептің директоры Х.Ажиметовке Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасы табысталды.

Сонымен қатар, бірқатар сала қызметкерлері Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Жарияланған күні: Жел. 28, 2020
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты