АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Бүгін Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы Атқару комитетінің отырысын өткізді. Оған аудандық, қалалық филиалдардың төрағалары, облыстық ұйымның аппарат қызметкерлері қатысты.
Жиынның күн тәртібінде «Сарқан аудандық филиалының қаржылық-шаруашылық жұмыстарына бақылау жүргізу», «Алматы облыстық ұйымының және аудандық, қалалық филиалдардың 2020 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылау, 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту», «Аудандық, қалалық кәсіподақ филиалдары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұжымдық келісімдегі міндеттеріне өзгерістер енгізілуі және орындау барысы» туралы мәселелер қаралды.
Облыс орталығындағы Талдықорған политехникалық колледжінің мәжіліс залында өткен жиынды Алматы облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов жүргізді. Елдегі эпидемиялық жағдайға тоқталып, індетке шалдыққан сала қызметкерлеріне материалдық көмек тұрақты көрсетіліп жатқанына тоқталды. Әріптестерін сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық ұйымының төраға орынбасары Б. Тұрысбеков, бас есепші А. Арымбаева, заңгер-кеңесші Е.Қасымбеков баяндама жасап, 2020 жылы облыстық ұйымның, аудандық, қалалық филиалдардың атқарған жұмыстарын саралады. Әлеуметтік әріптестік жөніндегі келісімдер мен бастауыш ұйымдарындағы ұжымдық шарт талаптарының орындалуына бақылау жасау, сала қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек заңнамаларының орындалуын қадағалау, әлеуметтік кепілдіктердің орындалуы, жеке тұлғалардың өтініштерін қарау барысы, кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттарына –ұйымдастыру, идеология, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс, кәсіподақ мүшелерінің сауықтыру шаралары туралы қорытынды ақпараттар айтылды. Облысық ұйымның 2021 жылға арналған жұмыс жоспары көпшілікке таныстырылды. Жиын соңында Атқару комитетінің мүшелері қажетті қаулыларды қабылдады.
Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фото
-