«МЕЙІРІМДІЛІК ЖҮРЕКТЕН»
Жаңа жыл мерекесіне орай желтоқсан айының 22 мен 25 аралығында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Ақтау қалалық филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы кіші қызметкерлерге арналған қайырымдылық іс-шарасын өткізіп отыр.
Қайырымдылық шара әлеуметтік жағдайы төмен қызметкерлерге қолдау жасау, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлауды мақсат етті.
Шара аясында бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы 70 қызметкерге сыйақы сертификаттары табысталды.
Көмек алған қызметкерлер кәсіподақ ұйымы жанынан ұйымдастырылған іс-шараға жылы лебіздерін айтып, алғыстарын білдіруде.
К.Еңсегенова,«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау
облыстық ұйымы» ҚБ-нің Ақтау қалалық филиалының төрайымы
-
Фото
-