• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР Ә…

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ӘУЛЕТІ



Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында мұғалімдікті атадан балаға мирас етіп, ұлағатты ұстаздар династиясын қалыптастырып келе жатқан әулеттердің бірі – Сүтемгеновтер отбасы.



Әулеттегі алғашқы мұғалім – Сейіт Сүтемгенов. Ол 1927 жылы Ырғыз ауданына қарасты Амангелді ауылында дүниеге келген. 1950 жылы Қызылорда қаласындағы Гоголь атындағы педагогикалық институттың физика-математика факультетін үздік аяқтап, еңбек жолын қатардағы ұстаз болып бастаған. Кейін мектеп директорының тәрбие іс жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді. 1970 жылы тың игерушілер қатарында Әйтеке би ауданы, Қарашатау ауылына келіп, сол жердегі білім ордасына басшылық еткен. Әр жылдары Жабасақ, Ақтасты орта мектептерінде директор қызметін атқарды. Еңбек өтілі-46 жыл. Казіргі таңда ардагер ұстаз Ақтөбе қаласында тұрады. "Халық ағарту қызметінің үздігі" төсбелгісімен, Еңбек ардагері, тың игерушілер медалімен марапатталған.



Ағартушы ұстаздың жолын бүгінде ұрпақтары абыроймен жалғастырып келеді.

Қызы Сутемгенова Адина Сейітқызы. Орыс тілі пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі - 43 жыл. 1986 жыл Орск қаласындағы Шевченко атындағы мемлекеттік педагогикалық инситутын тәмамдап, 1976-1980 жылдары Сарат және Жабасақ орта мектептерінде орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болып еңбек еткен. 1983-2019 ж.ж. Комсомол орта мектебінде жұмыс істеді. Қазіргі таңда зейнеткерлік демалыста. Адина Сейітқызы ҚР Білім және Ғылым министрінің алғыс хаты, облыстық білім басқармасының грамоталарымен марапатталған.



Қызы Сүтемгенова Лиза да педагог. Еңбек өтілі- 35 жыл. Еңбек жолын Ақтасты орта мектебінде бастауыш сынып мұғалім болып бастаған. 2006 жылдан бүгінгі күнге дейін Ақтөбе қаласында білім саласында жұмыс істеп келеді.



Ұлы Сүтемгенов Ғабиттің педагогикалық еңбек өтілі- 32 жыл. Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі пәндерінің мұғалімі Ақтасты орта мектебінде жұмыс істейді.



Келіні Сүтемгенова Венера да ұстаздар әулетінің игі дәстүрін жалғастырып отыр. Білім беру саласындағы еңбек өтілі - 32 жыл. Ақтасты мектебінде кітапханашы.



Қызы Сүтемгенова Гүлмира Сейітқызы – математика пәнінің мұғалімі. Осы салада 22 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006 жылға дейін мектеп директорының оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет жасады. Ақтөбе техникалық колледжінде әдіскер қызметін атқарды. 2016 жылдан бастап қазіргі уақытта Ақтөбе қаласының №5 ЖББОМ КММ математика пәнінің мұғалімі.



Немересі Сейітов Ерлан да ата жолын жалғастырды. Ақтасты орта мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі. Келіні Айтмағанбетова Қаракөз де педагогика саласын таңдап, Ақтасты ауылындағы "Шамшырақ" балабақшасында меңгеруші болып қызмет атқарады.


Жарияланған күні: Жел. 21, 2020
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты