• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТ

МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТ


Еліміздегі ең ұлық мерекеге орай ақтөбелік ұстаздар құрметке бөленді. Өңір педагогтарын облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы қолдады. «Кəсіподақ: тұрақты қолдау, тұрақты құрмет» атты дәстүрлі шара аясында онлайн форматында салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі, педагогикалық шеберлігі және жаңартылған білім беру технологияларын дамытудағы шығармашылық жетістіктері үшін 51 мұғалім облыстық білім қызметкерлерінің кәсіподағы мен білім басқармасының алғыс хатына ие болып, сыйақымен марапатталды. Үздік ұстаздарды Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Ақтөбе облыстық ұйымының төрайымы Раушан Серікова Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жұмыстарына жеміс тіледі.

«Құрметті әріптестер, биылғы жыл кім кімге де оңайға соққан жоқ. Жер жүзін індет жайлаған кезде білім жүйесі күрделі өзгерістерге тап болды. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүгі артылды. Бірақ соған қарамастан, біліктіліктерін ұштап, жетілдіріп, қиын сәтте шәкірт тәрбиелеуге үлес қосып, ерекше форматта білім берген ұстаздарымыздың еңбегін жоғары бағалаймыз. Тәуелсіз еліміздің тұғырын нығайтып, гүлденіп дамуына қосып жатқан үлестеріңіз зор!»,- деді ол.

ҚР Тәуелсіздігі күніне орай Ақтөбе облыстық кәсіподақтар бірлестігінде де мерекелік жиын өтті. Салтанатты жиында кәсіподақ ардагерлері мен бастауыш кәсіподақ мүшелері еңбектегі жетістіктері мен кәсіподақты дамытуға қосқан үлестері үшін ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Құрмет грамотасымен және Ақтөбе облысы әкімі Оңдасын Оразалиннің және Ақтөбе облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды. Аймақ басшысының алғыс хатына ие болғандардың қатарында Ақтөбе ғылыми-тәжірибелік орталығы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлмира Нөкеева және «Ақтөбе-Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлназ Оспанова бар.

Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Раушан Серікова облыс мектептерінде нәтижелі еңбек етіп келе жатқан 10 ұстазды алғыс хатпен марапаттап, қаржылай сертификат табыстады.

Жарияланған күні: Жел. 17, 2020
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты