• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • CЕМЕЙ АУМАҚТЫҚ КӘСІ…

CЕМЕЙ АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ


Аумақтық ұйымның жұмыс жоспары бойынша Семей аумақтық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы Атқару комитетінің мәжілісі өтті. Атқару комитетінің жұмысына Атқару комитетінің мүшелері, сондай-ақ аудандық комитеттердің төрағалары, колледждер мен ЖОО төрағалары қатысты. Атқару комитетінің мәжілісін Семей аумақтық кәсіподақ ұйымының төрағасы С.М.Ибраев ашып, колледж төрағаларын «ШҚО кәсіподақтарына 100 жыл» мерейтойлық Белгісімен және аумақтық ұйымның құрмет грамоталарымен, сондай-ақ ақшалай сыйлықтармен марапаттаудан бастады.


Күн тәртібінің алғашқы мәселесінде «Құрылыс колледжі» МКҚК еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» қаралып, аумақтық ұйымның заңгері А.И.Куюбаев сөз сөйледі. Ол «Құрылыс колледжі» МКҚК еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмыс жағдайы туралы айтып берді. Куюбаев А.И. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жауапты тұлғаға, сонымен қатар техникалық инспекторға көмек көрсету мақсатында аталған оқу орнына барғанын мәлімдеді. Аумақтық ұйымның заңгеріоқу корпусын, оқу шеберханалары мен жатақханалар тексеріліп, оның барысындақауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөнінде тиісті бақылау қойылғанын айтты. Құрылыс колледжінің техникалық инспекторына «Техникалық инспектор бұрышы» стендін жасау қажеттігі ұсынылды. Атқару комитетінің мүшелері ақпаратты ескеруге алды.


Сондай-ақ, аталған мәселе бойынша «Құрылыс колледжі» МКҚК кәсіподақ комитетінің төрайымы сөз алды.Ол қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөнінде жүргізілетін жұмыс туралы, әкімшілік пен кәсіподақ комитеті тарапынан еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде қандай шаралар жүзеге асырылатыны, қиындықтарды жеңуде кәсіподақ комитетінде қандай жағымды және жағымсыз кезеңдердің кездесетіні туралы айтты.


Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша аумақтық ұйымның төрағасы С.М.Ибраев сөз сөйлеп, білім мекемелері қызметкерлері мен олардың балаларының сауықтырылу қорытындысы туралы баяндады. Пандемияға байланыстыбілім мекемелері қызметкерлерін сауықтыру басқа жылдарға қарағанда белсенді болмағанын, дегенмен кейбір қызметкерлердің шипажайларда және демалыс базаларында демалғандарын айтты. Бірақ карантинге байланысты балалар демалуға жіберілмеді.


Сонымен қатар, ұйымдастырушылық жұмыс жөніндегі маман Воказе У.Е. сөз алып, 2020 жылдың аяқталуына байланысты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының статистикалық есептерді тапсыру қажеттігі, сондай-ақ олардың барынша дұрыс болуы туралы хабарлады. Воказе У.Е. 30-қараша күні ZOOM платформасында республикалық семинар өткізіліп, онда іс жүргізу, награда қағаздарын ресімдеу, ақпараттық жұмыс, статистикалық есептілікті ресімдеу, кәсіподақ жұмысын жоспарлау мәселелері қаралғанын айтты.


Награда қағаздарын ресімдеу кезінде болған өзгерістер, кандидаттарға қойылатын талаптар, ҚР БжҒМ және ҚР КФ белгілерінің жаңа түрлері туралы айтты. Кәсіподақтардың жүргізетін жұмыстарын көрсету үшін жергілікті БАҚ байланыс орнатып, жоғары органдарға ақпаратты қалай беру керектігі және ақпараттық жұмысты қалай жүргізу туралы мәлімет берді.


Күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша талқылаудан кейін қорытынды жасалынып, қаулы қабылданды. Атқару комитетінің мәжілісі іскерлік және сындарлы түрде өтті.


Семей аумақтық білім және ғылым
қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы


Жарияланған күні: Жел. 15, 2020
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты