ӘЙЕЛДЕРГЕ - ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ӨМІР!
Меркі ауданы білім қызметкерлері кәсіподағының бастамасымен аудандағы барлық білім мекемелерінде өткен «Әйелдерге - зорлық-зомбылықсыз өмір!» атты 16 күндіктің нәтижесі қорытындыланды.
Жиын қатысушылары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әлсіз балалар, қарттар мен мүгедектер, әйелдер жиі ұшырайтынын, ресми статистикалық мәлімет бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық әрбір үшінші отбасында кездесетінін, басты себебі - қызғаныш, маскүнемдік, бұзақылықпен әлеуметтік жағдайдың төмендігі екендігін әңгіме өзегіне айналдырды.
- Өмір бойы әйелдер лайықты жұмыс жолында үлкен кедергілерге тап болады. «COVID-19» пандемиясы әйелдердің жұмыста, үйде зорлық-зомбылық пен қысым көру қаупін арттырды. Барлық бастауыш ұйымдарда өткен осындай жиындар нәзік жандылар үшін қауіпсіз, сау, лайықты және құрметті жұмыс ортасын қамтамасыз етуге негіз болды, - деді өз сөзінде аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мадина Асанжанова.
Акция барысында бейнематериалдар, роликтер әзірленіп, әлеуметтік желі арқылы таратылған.
С.Ержанова,Меркі ауданы бойынша құқықтық еңбек инспекторы.
Жамбыл облысы
-
Фото
-