• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КӘСІПОДАҚ ЖОЛДАДЫ –…

КӘСІПОДАҚ ЖОЛДАДЫ – МӘСЛИХАТ ҚОЛДАДЫ



Бүгінгі таңда кәсіподақтар – еңбек адамының құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына ғана емес, сондай-ақ оның еңбегінің қоғамнан лайықты бағасын алуға да күш салады. Соның айғағындай, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ ағымдағы жылдың 4 маусымы күні Махамбет ауданының әкімі Ж.Б.Ахметовке халық ағарту ісіне зор үлес қосқан ардагер ұстаз Зәру Әтенованы 95 жасқа толуына байланысты марапаттауға ұсыныс берген еді. Бұл мәселені республикалық салалық кәсіподақтардың «Ұстаздық еңбек» және Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» газеттерінде де көтерген-ді.


Жуырда өткен аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында халық қалаулылары есімі елге танымал ұстазға «Махамбет ауданының Құрметті азаматы» атағын беруге бірауыздан шешім қабылдады. Бұл – Тәуелсіздік күні қарсаңында аудан үшін ғана емес, барша облыс ұстаздары үшін қуанышты хабар болды.


Зәру апайымыздың жасөспірім шағы аштыққа, бойжеткен шағы зұлмат соғысқа тап болған, барлық саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған жан. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін мектепте алған білімімен ауылдық жерде сауатсыздықты жоюға белсене араласып, кейін 1942 жылы Жалғансай, 1964 жылы Есбол орта мектептерінде ұстаздық етті. «Қазақ ССР-і білім беру ісінің үздігі», «Тыл ардагері», «Еңбек ардагері», Ұлы Жеңістің көптеген мерейтойлық медальдерінің және мақтау қағаздардың иегері.


«Алты алаштың басы қосылса төр – мұғалімдікі» деп ұлы ақын Мағжан айтқандай, Махамбет ауданы әкімшілігі мен мәслихатының ардақты ұстаз З.Әтенованың еңбегін бағалағаны барша еңбек адамына берілген үлкен баға. Бұл сәтте педагогтардың мұңын жоқтап, жоғын түгендеп жүрген Атырау облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының лайықты жұмысын атап өтуге де болады.




Сандуғаш ҚАПСИХОВА,

Атырау облысы

Жарияланған күні: Жел. 11, 2020
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты