КӘСІПОДАҚТАР «ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ БЕЛСЕНДІ ӘРЕКЕТТІҢ 16 КҮНІ» АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ
25-қарашада қоғам назарын тұрмыстық зорлық, балаларға қатыгездік таныту, қоғамда зорлық-зомбылықсыз мәдениетті қалыптастыру проблемаларына аударуға бағытталған «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді әрекеттің 16 күні» акциясы бастау алды.
Акция тарихы 1960 жылдың 25-қарашасында Доминикан Республикасында Мирабель ағайынды үш қыз айуандықпен өлтірілген 71 жыл бұрын басталған болатын. Олар Латын Америкасындағы құқық қорғау қозғалысының символына айналды, бұл қатігез кісі өлтіру әйелдерге қатысты гендерлік зорлық-зомбылықтың барлық түріне қарсы пікірталасты бастады.
Акцияның негізгі мақсаты қалық бұқара топтарын тұрмыстық зорлық проблемаларымен таныстыру, әйелдерді өздерінің құқықтары туралы ақпараттандыру, отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы құқық бұузышылықтың алдын алу және профилактикалық есепте тұрған, әйелдерге қатысты зорлық жасауға бейім тұлғаларды толық қамту болып табылады.
Әлемдегі барлық адамдар COVID-19 пандемиясымен күрес бойынша шаралар аясында үйлерінде оқшаулау режимін ұстануға мәжбүр болған кезде, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық, әсіресе тұрмыстық зорлық саны артып отыр.
Биыл әйелдерге қатысты зорлықты жоюдың Халықаралық күрес күнінің тақырыбы «Қызғылт сары әлем: қаржыландыру, әрекет ету, алдын алу, деректер жинау!» болды. Әлемнің көптеген қалаларында тарихи ғимараттар мен ескерткіштер зорлық-зомбылықсыз еркін болашақты құру қажеттігі туралы бізге ескерту үшін қызғылт сары түске жарықтандырылған.
Қарағанды облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы мен оның филиалдарында, бастауыш кәсіподақ ұйымдарында семинар-кеңестер, әңгімелесулер, сауалнамалар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар мен конференциялар, тұсаукесерлер және т.б. өткізілді.
Саран қалалық кәсіподақ комитетінде 2020 жылғы 25 қараша-10 желтоқсан аралығында акцияға жалпы 653 адамды қамтыған қаланың барлық 18 білім ұйымы қатысты. Өткізу нысандары арасында дөңгелек үстелдер (№13 НМ, «Балғын», «Колокольчик» б/б, №17 МГ, №3 БӨМ, ЖТС), (№1 МЛ, №2 НМ, №6 НМ, «Аленушка», «Березка» б/б, БМО), зорлықтан қорғану шараларын әзірлеу жөнінде тәжірибелік сабақтар («Сәуле», «Малыш» б/б, №7 НМИ, №16 НМ), «ҚР ӘҚБК тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері», «Үндемей қалма!», «Біз зорлыққа қарсымыз!»тақырыбына құқықтық дәрістер (№4 НМ, «Колобок» б/б, №6 НМ) өткізу болды.
Аталған акциялар барысында ұйымдарға ІІБ, прокуратура қызметкерлері, адвокаттар, дәрігерлер, «Арыстан» ержүректер клубының спорт нұсқаушысы шақырылды.
Сондай-ақ, аталған акция барысында ұйым психологтары гендерлік зорлық-зомбылықкөрсету жағдайларын анықтауға сауалнама жүргізді.
8-желтоқсанда Қазыбек би аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының комитетінде ZOOM платформасы арқылы ауданның кәсіподақ активінің семинар-кеңесі өткізілді. Әйелдерге қарсы зорлықтың алдын алу жөнінде «Мир добра» үкіметтік емес ұйымының төрайымы Татьяна Абрамова ақпарат берді. Семинар-кеңеске 50 әйел қатысты. Аталған семинардың мақсатты тобы Филиалдың бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, отбасын құрған жас педагогтар болды. Семинар тақырыбы: «Отбасы институтының қоғамдағы рөлі».
Семинар міндеті тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және зорлыққа қарсы әйелдердің заңнамалық құқықтарын ашып, отбасылық өмірдің проблемаларын талқылау болды. Семинар барысында қатысушылар сұрақтар қойып, өздері жауап берді және қиын отбасылық проблемаларды шеше білу тапсырмаларын орындады.
Сондай-ақ, аталған акцияға бастауыш кәсіподақ ұйымдары қатысты, мысалы №93 Гимназияда мектеп қызметкерлерімен «Қыздың жолы жіңішке» атты акция өткізіліп, онда әйелдерге қарсы зорлықпен күресті қолдау ретінде қызғылт сары қағаздар жасалды. Әңгімелер мен викториналар жүргізіліп, оған қатысушылар, жас педагогтар отбасылық жанжалдарды шешу жөнінде рухани-адамгершілік, отбасылық құндылықтар, тәжірибелік әдістер сұрақтарына жауап берді.
«№48 ЖОБМ» КММ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың Халықаралық күрес күніне орай ZOOM платформасында онлайн сынып сағатын өткізіп, оған педагогтармен қатар, жоғары сынып оқушылары да қатысты.
«№1 Гимназия» КММ бастауыш ұйымының активі В.В.Фомина, О.В.Берзан және М.Ю.Таловская тұлғасында «Әлем зорлыққа қарсы» тұсаукесері мен хабарламасын дайындап, мұғалімдер мен техперсонал өкілдері акцияны қолдау ретінде «Оранжевое небо» әнін орындады. Гимназияның жас қызметкерлері «Әлем зорлыққа қарсы» акциясын қолдау барысында коллаж жасады. Әрбір қатысушы акцияның өзекті тақырыбына еніп, шараны дайындау барысында жауапкершілік пен шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.
Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінде 3-желтоқсанда Zoom платформасы арқылы «Әйелдер мен қыз балаларға қатігездік таныту және оның салдары» тақырыбында конференция өткізілді. Конференцияға колледж әкімшілігі, өндірістік оқыту шеберлері, кураторлар қатысты.
Конференция өткізу барысында педагогтар белсенділік танытып, сқрақтар қойды, студенттер өмірінен мысалдар келтіріп, өмірдің қиын жағдайына тап болған әйелдер мен балаларға көмек және қолдау көрсетудің нұсқаларын ұсынды.
Қарағанды техникалық университетінде онлайн режимінде студенттермен және оқытушылармен семинарлар, әңгімелесулер өткізілді (1482 адам қамтылды).
Октябрь ауданының бастауыш кәсіподақ ұйымында «Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ. Детство без жестокости и насилия» акциясы аясында жоғары сынып оқушылары арасында «Біз зорлыққа қарсымыз» тақырыбында әлеуметтік даму Сағаттары, дөңгелек үстелдер өткізілді. Оқушылар тұрмыстық зорлықтық алдын алу және болдырмау жөнінде қабылданатын шаралар, сенім телефондары мен дағдарыс орталықтары туралы ақпараттармен танысты. Зорлық пен кемсіту мәселелері бойынша ақпараттық брошюралар мен буклеттер, «Отбасылық-тұрмыстық зорлықтың құрбаны болмау» Жадынамалары таратылды.
Отбасында балаларға қатігездік танытудың алдын алу мақсатында педагог-психологтар 1-11 сыныптардың ата-аналарымен онлайн-кездесулер, «Психикалық денсаулық. Кибербуллинг. Сөйлесейік» атты вебинарлар, педагогтармен «Білім беру ортасында буллингтің алдын алу» кеңестерін өткізді.
Акция аясында Шахтинск аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінде 2020 жылғы 7-желтоқсан күні «Шахтинск қаласы әкімдігінің мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты» КММ дөңгелек үстел өткізілді. Акцияқоғам назарын тұрмыстық зорлық, балаларға қатыгездік таныту, қоғамда зорлық-зомбылықсыз мәдениетті қалыптастыру проблемаларына аударуға бағытталды.
Өткізілген іс-шаралар барысында МОӨК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.В.Нестерова, COVID-19 пандемиясымен күрес жөніндегі шаралар аясында оқшаулану режимі кезінде тұрмыстық зорлық туралы хабарламаның көбеюі жөнінде, сондай-ақ әйелдер мен қыз балаларға қауіпсіздікте қалуға және зорлықтан еркін өмір сүруге көмектесу қажеттігі туралы атап өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар, «Қызғылт сары әлем: Қаржыландыру, Әрекет ету, Алдын алу, Жинау!» кампаниясымен ынтымақтастықта қызғыл сары түсті аксессуарлар қолданды.
-
Фото
-