• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-…

ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІ



Жамбыл облысында 25 қарашада басталған «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында кәсіподақ ұйымдарының бастамасымен іс-шаралар өткізіліп жатыр. Негізгі мақсат - әйелдерді өз құқықтары туралы хабардар ету, отбасылық-тұрмыстық жағдайларда жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және отбасының қоғамдағы рөлін күшейту. Сондай шаралардың бірі Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының мәжіліс залында өтті.


Жиынға жергілікті кәсіподақ ұйымы мен кәсіподақ мүшелері – білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін қыз-келіншектер қатысты. Жиынды ашқан Жергілікті кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Берік Баймағамбетов әйелдерге қатысты түрлі дискриминация түрлерін жою туралы конвенцияға сәйкес жыл сайын «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтетінін, акцияның мақсаты - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың ең көп таралған түрі - отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау мен әйелдердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау және тұрмыстық қылмыстардың алдын алу екендігін атап өтті.


Іс-шарада арнайы баяндама жасаған Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшесі Әлия Жолшыбекова әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ ана мен баланы қорғау және қоғамда отбасының рөлін нығайту бойынша жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.


- Еліміз 1997 жылдан бастап әйелдердің ар-намысын қорғайтын, құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін, бірдей конституциялық қағидаларды жүзеге асыруды көздейтін, әйелдердің жағдайларын жақсарту туралы мемлекеттік саяси Концепциясын іске асыруда. 1998 жылы 29 маусымда еліміз БҰҰ-ның «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы» Конвенциясына қосылды. Осылайша, өзіне Қазақстандағы әйелдерді кемсітудің барлық түрінен қорғауға міндеттеме алды. Бүгінде қоғамда тек ерлі-зайыптылар арасындағы жанжалдар салдарынан әйелдер ғана емес, зейнеткерлер де зорлық-зомбылықтың құрбаны болып жатады. Қоғамда зорлық-зомбылық, денеге зиян келтіру және моральдық зиян келтіру фактілері жиі кездеседі. Ал онымен қоғам болып күрескенде ғана нәтиже шығары анық, - деді баяндамашы өз сөзінде.


Жиынға қатысушылар отбасында зорлық-зомбылық көрген әйелдер қайда бару керектігін білмейді немесе олар дау одан әрі ушығып кетеді деп қорқады, осыған байланысты осындай мәселелерді түсіндіру бойынша кездесулерді мүмкіндігінше жиі өткізу қажет деген ұсыныстарын жеткізді.




«Еңбекші»-ақпарат


Жарияланған күні: Жел. 8, 2020
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты