• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КӘСІПОДАҚ ТІЛШІСІ 2…

КӘСІПОДАҚ ТІЛШІСІ 2020




2020 жылғы 3-желтоқсанда Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының жастар Кеңесімен бастау алып, өткізілген «Кәсіподақ тілшісі» байқауының облыстық кезеңі онлайн режимінде қорытындыланды.


Байқау ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталып, «Үздік сұхбат», «Үздік арнайы репортаж», «Кәсіподақ ұйымының қызметі туралы үздік мақала» номинациялары бойынша өткізілді. Қалалық, аудандық және байқау комиссияларының қарауына 24 бейнерепортаж, сұхбаттар мен мақалалар түсті.


Облыстық кезең қорытындысы бойынша, байқау қатысушыларын облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.А.Науразбаева қарсы алып, қазіргі таңда жас мұғалімдердің бастамашылық пен шығармашылық таныта отырып, кәсіподақ ұйымдарының жұмысына белсенді қатысатынын атап өтті. Олардың арасында тек педагогикалық қызметте ғана емес, сондай-ақ кәсіподақ мүшелігіне ынталандыруға бағытталған қызықты жобаларды бастауда жақсы нәтижелерге қол жеткізген дарынды педагогтар көп.


Міне, онлайн режиміне қосылып, 60-тан астам жас мұғалім тағатсыздана күтіп отырған байқау жеңімпаздарын салтанатты жариялау сәті туды.


«Үздік сұхбат» номинациясы бойынша байқауға Ертіс, Железі, Баянауыл аудандары және Тереңкөл ауданы жастар кеңестерінен 5 жұмыс түсті. Тереңкөл аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы Жастар Кеңесінің төрағасы, оқушылар Үйінің педагогы Бекжан Маратұлы Амиркашевтің жұмысы үздік деп танылды, ол кәсіподақтың өзінің педагогикалық және қоғамдық қызметіндегі рөлін атап өткен болатын. «Үздік арнайы сұхбат» номинациясы бойынша ең көп өтініш түсті. 11 бейнерепортажда 18 автор және 3 ұжым жұмыс істеді.


Гран-при Павлодар қаласы №29 ЖОБМ мұғалімі Олжас Алпамысұлы Умаровқа берілді. Олжас өзінің сұхбатында «» дей отырып, жас педагогтар үшін кәсіподақ қозғалысының рөлін атап көрсетті.


В своем репортаже Олжас подчеркнул роль профсоюзного движения для молодых педагогов, отметив: «В каждом из нас есть та искра, добавив которую в общее пламя, мы получим солнце и свет. Хочу пожелать своим коллегам, пусть крылья профсоюза вынесут вас на самую высокую орбиту!».


Аталған номинацияда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мерейтойына халық ағарту ісінің үздігі, соғысқа қатысушы Геннадий Дмитриевич Малыгин туралы «Мұғалім-майдангердің өмірлік жолы» атты сұхбат арналды. Авторлары: Павлодар қаласы №16 мектеп-лицей мұғалімі Серікбаев Асет Бақытжанұлы және №33 орта мектептің қосымша білім беру педагогы Теміржанов Нұрғиса Талғатұлы бірінші орынды иеленді.


Осы номинацияда екінші орын Успен ауданының Равнополь ЖМ ұжымына, үшінші орын – Ақсу қаласы №4 орта мектеп мұғалімі Сәуле Орынбекқызы Елғонденоваға берілді.


«Кәсіподақ ұйымының қызметі туралы үздік сұхбат» номинациясында бірінші орынды Павлодар қаласының №4 инновациялық типтегі ЖОБМ директоры Әлібек Бейсенұлы Төлеуов, екінші орынды- Тереңкөл ауданы Елгин атындағы №1 ЖОБМ мұғалімі Нұрлан Мендешұлы Сеитов, үшінші орынды - Успен ауданы Равнополь ЖМ мұғалімдері Жұмабекова Алуа Манарбекқызы және Небогина Светлана иемденді.


Облыстық байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті дәрежедегі дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды, облыстық кәсіподақ ұйымының атынан ақшалай сыйақысы бар алғыс хаттар байқауға қатысқан 19 педагогқа жіберілді.


Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының жастар кеңесімен іске асырылған «Кәсіподақ тілшісі» жобасының қорытындысы, жыл сайын білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының қызметіне белсенді қатысуға ниеттенген жас мұғалімдер санының көбейіп келе жатқанын көрсетті.


Мұғалім- бұл ықылас,борыш, игі іс. Жобаның барлық қатысушыларына одан әрі шығармашылық жетістіктер, педагогикалық және қоғамдық қызметте шығармашылық құлшыныс тілейміз.


Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымының баспасөз қызметі






Жарияланған күні: Жел. 4, 2020
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты