• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ӨЗ ҚҰҚЫҒЫҢДЫ БІЛЕСІ…

ӨЗ ҚҰҚЫҒЫҢДЫ БІЛЕСІҢ БЕ?


Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымының әдістемелік кабинетінде online режимінде облыстық білім беру мекемелеріндегі студенттік кәсіподақ жастар ұйымдары мүшелерімен семинар өткізілді. Кәсіподақ жанындағы облыстық «Болашақ» жастар кеңесінің бастамасымен өткен семинарға облыстық кәсіподақ аппаратының мамандары А.Аманиязова, Л. Сарсенғалиева, облыстық жастар кеңесі төрағасы Г.Асылбай, колледждердің студенттік кәсіподақ ұйымының төрайымдарымен студенттері қатысты.

Семинарға қатысушылар кәсіподақтың сала қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы қызметтерімен танысты. Түлектерге еңбек шартын жасау тәртібі және еңбек қатынастарын тіркеу кезінде білуге тиісті құжаттар туралы нұсқамалар берілді.

Жастардың назарына осы жылдан бастап енгізіліп жатқан еңбек келісім-шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне қатысты ақпараттар ұсынылды. Еңбек шартын жасау, оған еңбек қатынастары тараптарының өзгертулер мен толықтырулар енгізуі, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық құжатты рәсімдеу талаптары түсіндірілді.

Маңғыстау политехникалық колледжі директорының орынбасары Гүлмира Асылбай Ибрагимқызы өз тәжірибесімен бөлісті. Ол жас мамандар еңбек жолын бастаған кезде өз құқықтары мен міндеттерін білуі керектігін, білмегенін сұраудан, қызметтің бастапқы кезеңдерінде туындайтын мәселелер бойынша кеңес алудан жасқанбау тиістігін тілге тиек етті.

Гүлмира Ибрагимқызы мектептің және кәсіподақ ұйымының қоғамдық өміріне белсене араласқан маман, тәжірибесі ескеріліп қалалық және облыстық жас мұғалімдер кеңесіне сайланған. Бұл әлеуметтік жұмыс оған өзін кәсіподақтағы жастар қозғалысының жетекшісі ретінде тануға мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылы облыстық Жастар кеңесі Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз елдің жастарымыз» челленджін ұйымдастыруда. Сайысқа облыстық білім беру мекемелеріндегі студенттік кәсіподақ жастар ұйымдары қатысады.

Семинарда сонымен қатар, қашықтықтан жұмыс істеудің тиімді тұстары аталды. Жоспарға сай өткізілген және болашақта өткізілетін жұмыстар сараланып, төтенше жағдайға байланысты атқарылатын шаралардың уақыты мен форматына өзгерістер енгізілді.



Қазақтандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымының баспасөз қызметі


Жарияланған күні: Жел. 4, 2020
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты