Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік әріптестік комиссия отырысы өтті
Нұр-Сұлтан қаласының білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша комиссия отырысы өтті.
Комиссия - Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы мен Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының өкілдерінен тұратын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес құрылған әлеуметтік серіктестік жүйесінің тұрақты органы.
Отырыс барысында әлеуметтік әріптестік шеңберінде бірлесіп атқарылған жұмыстар; кәсіподақ мүшелерінің құқықтық мүдделерін қорғау; педагогтарға және тәлімгерлерге еңбекке ақы төлеу; 2021-2023 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы арасындағы салалық келісімі; Еңбек күні және Ұстаздар күніне орай бірлесіп өткізілген байқаулар жөніндегі сұрақтар талқыланды.
Комиссия мүшелері бірлескен оң жұмыстарды, сондай-ақ әлеуметтік серіктестік аясындағы қызметтерді одан әрі күшейту қажеттігін атап өтті.
Кездесу соңында қатысушылар сұрақтарын қойып, пікір алмасты.